Сарапшылар мұнай өнеркәсібінің болашағына қатысты қандай тұжырымға келді
Сарапшылар мұнай өнеркәсібінің болашағына қатысты қандай тұжырымға келді
4 жыл бұрын 2715 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңғыртпалы энергия көздерінің шапшаң дамуы мұнай өндірісіне едәуір әсер еткенімен, яғни, кеміткенімен әзірге мұнай дәуірі аяқтала қоймайды. Сарапшылардың айтуынша, бұған пластик себеп болмақ. Десе де сарапшылар мұнай шикізатына деген сұраныс өзінің шарықтау шегіне жетті ме – міне, осы сауалға жауап іздеп отыр. Тәжді тажал пандемиясы мұнай өндірісін құлдыратып, есесіне жаңғыртпалы энергия көздерінің дамуына серпін беріп отыр. Алайда, Carbon Tracker қаржылық талдау орталығы мен Systemiq тұрақты даму ұйымының мамандары әзірлеген соңғы есепке қарағанда, мұнай өндірушілер ендігі жерде пластмассаны болашақтағы сұранысты арттыратын драйвер ретінде қарастырып жатқан көрінеді. Аталмыш есепті баяндамада келтірілген дерек бойынша 2000 жылдан бері пластмасса өндірісі жыл сайын шамамен 4%-ға артып отырады екен. Жыл сайын әлемде шамамен 350 млн тонна пластмасса өндіріледі. Мұның жартысын Азия тұтынса, 19%-ын АҚШ, 16%-ын Еуропа тұтынады. Бүгінгі таңда пластик мұнай өнімдеріне сұраныстың тек 9%-ын ғана құрайды. Ал сарапшылар мұнай өндірісін болашақта осы пластмасса секторы алға сүйрейтінін көлденең тартып отыр. Аталмыш баяндама авторы Кингсмилл Бондтың айтуынша, бүгінде қоршаған ортаның негізгі ластаушылардың біріне айналған пластмассаны алмастыратын немесе өңдейтін технология табылған жоқ. Осы орайда жыл сайын әлімдік мұхитқа 8 млн тонна пластмасса тасталатынын айта кеткіміз келеді. Carbon Tracker есебінде атап өтілгендей, пластмассаны пайдалануға қарсы қысымның артуына орай жылына палстикалық заттар мен бұйымдарға деген 4% сұраныс 1%-ға кемуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат