|
Кей британ университеттері пайызсыз, яғни, «шариғи» жолмен қарыз береді
|
Британияның алты университеті 2026-27 оқу жылында мұсылман студенттерге шариғат талаптарына сай келетін несие беруге көшетінін хабарлады. Осылайша талантты студенттердің жоғарғы оқу орнына түсуіне көмектеспек. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Мұндай жүйе қалай жұмыс істейді
Студенттер кәдімгі несие бойынша соманы белгілі бір мерзім өткен соң берілген күні бойынша қайтарады. Пайыздың орнына олар баламалы «жарна» төлейді.
Бұл ақша негізінен мұсылман студенттеріне бағытталған Alternative Student Finance бағдарламасына қатысатын басқаларына шектеулі. Ол қазынаға түспейді.
Салық төлеушілер бұрынғысынша кез келген төленбеген балансты жабады. Үкімет осы схеманы әзірлеу үшін Ұлыбританияның ислам қаржы кеңесіне 365,000 еуродан аса қаражат төледі.
Мұндай жүйеге көшетін университеттер
Мұндай жүйеге көшкен университеттер қатарында Bristol, Leeds, University College London, City St George's, Newcastle және De Montfort жоғарғы оқу орындары бар. Бристол мұны «Ұлыбритания үкіметінің пайызсыз несиесі» деп атайды.
UCL және City St George's кредиттер «пайыздарға негізделмейді», деп мәлімдейді.
Мұндай жүйеге кімдер наразы жне не үшін наразы. DfE реакциясы
Реформашыл партияның білім беру жөніндегі өкілі Суэлла Брауерман: «Бұл “жааға ұстатарлық” антитритандық схема екі деңгейлі білім беру жүйесін қалыптастырады және қоғамда жкі тудырады», деп мәлімдеді.
DfE өкілі «баламалы студенттік қаржыландыру схемалары мұсылман студенттеріне қолайлы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді деп айту ақылға сыймайды» деп мәлімдеді. Ол барлық түлектер өз несиелерін толық өтейтінін айтты.
2021 жылы 39 000 жуық мұсылманға жүргізілген сауалнама нәтижесі студенттердің 80 пайызы тұрақты несиелерге байланысты «ішкі қайшалықты» бастан кешіретінін көрсетті.