Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
40 минут бұрын 25 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: stock.adobe.com by Bojan

Әзірбайжан мешіттер маман тапшылығын тартуда. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Oxu.Az ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әзірбайжандағы діни ұйымдармен жұмыс істейтін мемлекеттік комитет келтірген дерек бойынша аталған ел аумағында мұсылмандардың шамамен 2500 ғибадат ғимараты бар, алайда, имамдар қарасы 1300 адамна аспайды. Ол ол ма, тағайындалған имамдардың шамамен үштен бірінің діни жоғары немесе орта арнайы білімі жоқ. «Әзербайжан республикасының 2027 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы» заң жобасын талқылау барысында ұлттық мәжілістің жастар және спорт істері, қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдар, мәдениет комитеттерінің бірлескен отырысында сөз алған аталмыш комитет өкілі  шетелде ислами білім алған әзірбайжандықтардың көбісі отанына оралғысы келмейтінін тілге тиек етті. Мәлімет бойынша Әзірбайжан теология институтының 50-ге жуық түлегі шетелде имамдық қызметке тағайындалған.

0 пікір
Мұрағат