Биологиялық сағатты ажыратып қосатын тетік жасалды
Биологиялық сағатты ажыратып қосатын тетік жасалды
3 жыл бұрын 1793 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония мен Нидерланды ғалымдары биологиялық сағат функциясына әсер ететін киназ ингибиторын ажыратып қосатын, жарықпен басқарылатын тетік ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жердегі өмір жарық пен қараңғы, жылу мен суық арасындағы циклді 24 сағат бойынша ғұмыр сүреді. Осының нәтижесінде біздің жасушаларымыз осы 24 сағаттық аралыққа бейімделген, яғни, синхрондалған. Біздің циркадты сағатымыз көру жүйкесімен тікелей байланысты ми бөлігінде - супрахиазматты ядродағы орталық реттеуші арқылы реттеледі. Соған қарамастан әр жасушаның өз сағаты барын айта кету керек. Оны белгілі бір ақуыздарды істеп шығару кезінде немесе ыдырату барысынан байқай аласыз. Бұл ырғақтық қызметі бұзылса, арты ауруға апарып соқтырады. Сол себепті, өзге алыс аймаққа саяхаттағанда немесе жазғы я болмаса қысқы уақытқа көшкенде адамның жай-күй мен денсаулығына теріс әсерін тигізеді. Циркадты ырғаққа маманданған биолог, Нагой университетінің трансформацияланатын биомолекула институтының доценті Цуоши Хирота longdaysin (тікелей аударғанда «ұзақ күн» деп тәржімеленеді) киназ ингибиторын жасаған еді. Ол циркадты ырғақты 48 сағатқа дейін созылатын циклге дейін баяулата алады. Оны белсендіретін немесе белсенділіктен айыратын жаңа құрылғы биологиялық сағатты жылжытып, организмдегі циркадты ырғақты теңестіре алады. Бұл бағыттағы тәжірибе жолақты балыққа жүргізілді. Нәтижесі оңды шықты. Бұл жаңалық несімен құнды? Ол халі ауыр науқасты емдеу кезінде көмектеспек.

Ұқсас материалдар:

«Ғалымдар «ауыр судың» көмегімен биологиялық сағатты баяулата алды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-auyr-sudyn-komegimen-biologiyalyq-sagatty-bayaulata-aldy-15343/#gsc.tab=0);

"Биологиялық сағат: неліктен адамдар қартаяды?" (https://islam.kz/kk/news/gylym/biologiyalyq-sagat-nelikten-adamdar-qartayady-14331/#gsc.tab=0);

"Бактериялардың да адамдардікі секілді «ішкі сағаты» бар болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalardyn-da-adamdardiki-sekildi-ishki-sagaty-bar-bolyp-shyqty-14655/#gsc.tab=0);

"Адамның биологиялық жасын анықтайтын «сағат» жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-biologiyalyq-jasyn-anyqtaityn-sagat-jasaldy-14914/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат