Ғалымдар «ауыр судың» көмегімен биологиялық сағатты баяулата алды
Ғалымдар «ауыр судың» көмегімен биологиялық сағатты баяулата алды
3 жыл бұрын 1665 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Неміс ғалымдары жасуша құрылымында зерттеу жүргізіп, оның динамикасын (қарқындылығын деп түсінуге болады, былайша айтқанда, жасуша мезгілінің қартаюын тежеу) баяулата алды. Ғалымдар бұл мақсатта «ауыр» суды пайдаланған. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Advanced Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасуша – организмнің тек құрылыс материалдары ғана емес, сонымен бірге, ол динамикалық жүйе болып табылады.Германиядағы Лейпциг университетінің ғалымдары ауыр су деп аталатынның көмегімег бұл динамиканы едәуір баяулата алған. Бұл терминді тереңірек түсіндіріп көрейік: ауыр сутекті су немесе дейтерия оксиді: сутегінің әдеттегі жеңіл изотобының екі атомының орнына ол ауыр екі атомды (дейтерия) қамтиды – оның оттегісі изотоптық құрамы бойынша ауа оттегісіне сәйкес келеді. Негізінде «ауыр» су электр стансаларының қажеттілігі үшін пайдаланылады. Ғалымдар жасуша құрылымында және молекулярлық деңгейде тәжірибе жүргізіп, ақуыздар мен «ауыр» судың өзара әрекетін анықтады. Оны жасушаға үстесе, молекулярлық жасуша ішінің тұтқырлығын арттырады (байқайсыздар ма, жасуша динамикасын қалай баяулататынын). Алайда, жасуша фенотипі мен морфологиясы өзгеріссіз қалады. Осы орайда оқырманға түсінікті болу үшін жасуша фенотипінің не екеніне аз-кем тоқтала кетпекпіз: жасуша фенотипі – нәтижесінде белгілі бір морфологиясы мен нақты функциялары бар жасушаның қалыптасуына ықпал ететін гендер мен ақуыздар экспрессиясын қоса қамтитын көптеген жасуша процестері. Жасуша динамикасы қолдан өзгертіліп отыр, сол себепті, ол жасуша қызметінің өзгеруіне алып келмеуі керек, әйтпесе, бұл жайт организмге кері әсерін тигізіп, теріс нәтиже беруі мүмкін. «Ауыр» су кәдімгі судағыға қарағанда сутегілік байланысты әлдеқайда күшті қалыптастырады. Нәтижесінде актин секілді құрылымдық ақуыздар бір-бірімен өзара күшті әрекетке барып, бір-бірімен аз уақытқа мықты байланысады. Ең кереметі, бұл эффектің беті қайтады: жасуша табиғи қалпына түседі қалыпты суға тап болғанда»,- деп түсіндірді бұл бағыттағы зерттеуге жетекшілік еткен Йорг Шнаус есімді неміс дәрігері. Ғалымдардың айтуынша, бұл тәсілді жасушаның, тіпті, тіннің ғұмырын ұзартуға пайдалануға болады. Бұдан бөлек, бұл әдісті донорлыққа пайдаланылатын ағзаларды ұзақ уақыт сақтауға көмектеседі.

Ерлердің биологиялық жасын қауіпсіз жолмен төмендетудің жолы табылды

Ғалымдар адам организімінің қартаю процесін түрлі әдіс-тәсілмен немесе дәрі-дәрмекпен тежей алатын, әріберіден соң жасартуға күш салып жатыр. Йел университетінің ғалымдарың бұл бағыттағы ізденісі ерлердің биологиялық жасын ешқандай дәрі-дәрмекті немесе отаны керек етпейтін барынша қауіпсіз жолмен төмендетуге саяды. Бұл жайында islam.kz порталы aging-us ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізіп, дәлірегі, ұйқы режимін өзгерту, ғылыми негіздегі тағам рационын енгізу, денеге түсетін күш пен салмақты қалыптан асырмау әрі демалыс процесін дұрыс ұйымдастыру арқылы ерлердің жасын төмендетуге болатынын дәлелдеп берді. Тәжрибеге 8 аптаға созылды. Оған 50-72 жас аралығындағы денсаулығы мықты 43 ер адам тартылды.Тәжіритбе барысында жоғарыда айтылғандарды қолдана отырып, елеулі нәтиеге қол жеткізе алды. Айтқандайын, тағам рационына пробиотик пен фитонутриент қосты. Аттай екі айға созылған тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, тәжірибеге өз еркімен қатысқан ер-азаматтардың биологиялық жасына оңды әсерін тигізген. Орташа есеппен үш жылға жасарған ерлер де болды. Ғалымдардың мәлімдеуінше, қздері қолданған тәсіл ДНҚ метилирінің өзгерісіне (ген құрылымы емес, оның динамикасы өзгереді) алып келген. Осылайша жас ұлғайған сайын болатын организмдегі дегредацияның алдын алуға болатынын көрсетіп берді.

Ұқсас материалдар: 

"Биологиялық сағат: неліктен адамдар қартаяды?" (https://islam.kz/kk/news/gylym/biologiyalyq-sagat-nelikten-adamdar-qartayady-14331/#gsc.tab=0);

"Бактериялардың да адамдардікі секілді «ішкі сағаты» бар болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalardyn-da-adamdardiki-sekildi-ishki-sagaty-bar-bolyp-shyqty-14655/#gsc.tab=0);

"Адамның биологиялық жасын анықтайтын «сағат» жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-biologiyalyq-jasyn-anyqtaityn-sagat-jasaldy-14914/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат