Аштық пен тоқтық режимдерін ажыратып қосатын молекулярлы тетік табылды
Аштық пен тоқтық режимдерін ажыратып қосатын молекулярлы тетік табылды
3 жыл бұрын 1135 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications  мерзімді басылымы мен бұл турасында хабар таратқан nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Испанияның ұлттық обырды зерттеу орталығының (CNIO) ғалымдары жасушаға қоректік заттар аз баратын жағдайға организмді бейімдейтін молекулярлық ажыратып қосқыш тетікті тапты. Қоршаған ортадан энергия мен қоректік заттарды қабылдау – организмнің маңызды функцияларының бірі. Бұл функция аса күрделі тетіктер бойынша жүзеге асады. Олардың кейбіреуін ғалымдар енді түсіндіріп беріп жатыр. Таяуда ғалымдар мұндай тетіктердің негізгі компоненттерінің бірін – жасушаға аз қорек келетін кездегі жағдайға организмге бейімделуге көмектесетін компонентін тапты. Бұл тарапта тышқанға арнайы жүргізілген тәжірибе барысы мен нәтижесі көрсеткендей, RagA ақуызы жасушадағы қоректік заттар деңгейінің сенсоры ретінде қызмет ететін болып шықты. GTP-мен (GTP – транскрипция (қайта көшіріп жазу процесі) процесі кезінде РНҚ-ның синтезі үшін субстрат (микроорганизмдердің қоректік ортасы) болып табылады. GTP - зат алмасу реакциясына қосылған субстратты белсендірудің энергия көзі. Ақуыздың биологиялық синтезделуі кезінде энергия көзі ретінде пайдаланылады. GTP сигналды беру реакциясына қатысады) байланысқан күйдегі RagA ақуызы өз кезегінде mTOR сигнал беру жолының іске қосылуына ықпал етеді. Бұл жайт өз кезегінде қоректік заттардың мейлінше көп шығындалуына алып келмек. RagA ақуызы ұдай белсендірілген тәжірибедегі тышқанның метаболизмі (зат алмасу процесі) бұзылып, аштыққа бейімделе алмай қалған болатын. Тәжірибе барысында ғалымдар тышқан тірі қалуы үшін RagA ақуызын толық ажыратпаған еді. Нәтижесінде кеміргіштің зат алмасу прцесінің өзгергенін, соның ішінде, глюкозаның, амин қышқылының, кетонның және липидтердің гомеостазының өзгергенін көрсетті. RagA ақуызы маңыздылығы жағынан қоректенуде инсулин секілді негізгі рөл атқаратын өзге компоненттерден кем емес. Алайда, RagA ауқызы кейіннен анықталғандықтан, ол туралы көпшлікі біле бермейді. Бұл жаңалық өз кезегінде әлемдік індетке айналған семіздікпен күресуде және артық салмақтан пайда болатын түрлі дерттердің алдын алуда және емдеуде көп көмегін тигізетін болады.

 «Үнемдеу режимінде» зат алмасу процесін белсендіру үшін RagA ақуызы ажыратылған (сол жақта, көк) тышқанның ашыққан бауыры;  RagA  (оңындағы қоңыр түстісі) қосулы аш кеміргіш қоректік заттардың жетіспеушіліге бейімделе алар емес. Фото: CNIO

0 пікір
Мұрағат