Алғаш рет адам хромосомының салмағы өлшенді
Алғаш рет адам хромосомының салмағы өлшенді
3 жыл бұрын 2483 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар осы заманғы технологияның, дәлірегі, синхротронды көздер арқылы когерентті рентген сәулесін пайдалана отырып, адамның барлық 46 хромосомасының салмағын білуге қол еткізе алды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Chromosome Research мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам хромосомаларының салмағы ғалымдар ойлағаннан да ауыр болып шықты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Ұлыбританиядағы Лондонның университеттік колледжінің жанындағы нанотехнология орталығының және АҚШ-тағы Нью-Мексико мемлекеттік жоғарғы оқу орнының ғалымдары рентген сәулесінің көмегімен адам организіміндегі хромосомалардың салмағын алғаш рет өлшеп көрді. Ғалымдар мұны Diamond Light Source (Оксфордшир графтығының маумағындағы үшінші буынға жататын синхротронды сәуле көзі) көмегімен жүзеге асыра алған. Ғалымдар алдымен адам бойындағы 23 жұптан тұратын барлық 46 хромосомдағы электрондар (генетикалық ақпаратты сақтауға әрі көбейтуге жауапты гендер орналасқан жасуша ядросының басты құрылымдық-функциялық элементтері) санын анықтап алған. Белгілі болғандай, бұл құрылымдар ондағы ДНҚ негізінің 3,5 млрд жұбының төрт көшірмесінен 20 есе ауыр болып шыққан: мұның мәнісі – олардан бөлек хромосомалар көптеген функциясы (ДНҚ санағынан бастап жасушалардың бөліну процесін реттеуге дейін, тіпті, осынау макромолекулалардың екі метрлік жібіне «қымтауға» деінгі қызмет атқаратын функциялары) бар ақуыздардан тұрады. Аталған зерттеуге жетекшілік еткен профессор Ян Робинсон ғалымдардың хромосомаларды зерттеп келе жатқанына 130 жыл өтсе де оның күрделі құрылымының аз зерделенгенін жеткізді. Осылай деген ол әр жасушадағы 46 хромосома 242 пикограмма (грамның триллиондаған үлесі) тартқан. Осы орайда ғалымдар бұл зерттеу барысында қолданған әдістің рентгендік птихография деп аталатынын айта кету керек – ол үлгідегі фокалды дақтардың (электронның, рентген сәулесінің) көлденең мөлшерінен едәуір асатын мөлшерде нысан бейнесін сканерлеу әдісі. Ол хромосомалардан рентген сәулесі өткен кезде пайда болатын дифракциялық картиналарды біріктіреді. Diamond Light Source сәулесі Күннен миллиард есе арық: нақты уақыт аралығында фотондарды көруге мүмкіндік бермек. Хромосомалар метафазда бейнеленген – олар екі еншілес жасушаларға бөлінер алдындағы көрінісі.

0 пікір
Мұрағат