|
Мигранттарға ең көп тәуелді еуропалық ел аталды
|
Британия кәрі құрлық бойынша мигранттарға ең көп мұқтаж: бұл мемлекеттегі жұмысшылардың 22,4%-н шетелдік азамттар құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы The Telegraph мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлыбритания экономикасы мигранттарға тәуелді болуы жағынан қауіпті шекке жақындап келеді. Мамандар тапшылығы – мемлекет қауіпсіздігіне қатерлі факторға айналған. Ұлттық статистика қызметінің таяудағы дерегіне сәйкес Британия аумағындағы бес қызметкердің біреуі Біріккен Королдіктен тыс жерде дүниеге келген – бұл көрсеткіш он жыл бұрынғы 16,6% -бен салыстырғанда 22,4%-ға жеткен. Бұл өсім Борис Джонсон кезіндегі саясаттағы өзгерістерге байланысты коронавирус пандемиясынан кейінгі таза көші-қонның күрт артуы - «Борис толқыны» деп аталатын салдардың бір бөлігі болды. 2021-2023 жылдар аралығында елге 2,2 млн таза мигрант келген екен - Англия мен Уэльс халқының соңғы 75 жылдағы ең жылдам өсуін қамтамасыз етті. Британдық бұқаралық ақпарат құралдары жаппай көші-қонның экономикаға әсері көпке созылмайтын серпін бергенін айтады. Экономистер көшіп-қонушылардың бос орындарды жауып қана қоймай, қосымша сұраныс тудыратынын, ал бұл үрдіс өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының пайда болуын ынталандырғанын баса айтады. Кейбір сарапшылар бұл әсерді ұзақ мерзімді шығындармен қатар жүретін уақытша ынталандырумен салыстырады. Болжам бойынша көші-қонның жоғары деңгей болмағанда, Ұлыбританияның мемлекеттік қарызы 30 млрд фунт стерлингтен асып түсуі мүмкін. Алайда, бұл тараптағы үрдіс өзгере бастады. Мигранттар қарасы өткен жылы 171 мыңға дейін төмендеді, бұл көрсеткіш 2012 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш (пандемиялық жылдарды қоспағанда). Ұлыбритания билігі алдағы уақытта экономиканы ұстап тұру үшін мигранттардың кемуімен немесе көші-қон саласындағы осындай теріс «ауытқумен» қалай күресетінін білмей отыр. Көшіп-қонушылар арасындағы жұмыспен қамту деңгейі 77,2% -ды құрайды, бұл көрсеткіш тұрғылықты тұрғындарға қарағанда жоғары (74,4%). Бұл ретте ел ішінде 604 мың британдық пандемиядан кейін еңбек нарығынан шыы,п қалды. Кқші-қон саясатындағы қатаң ережелер жұмыс визаларына, оның ішінде күтім саласына жаңа шектеулер тудырадф. Технологиялық компаниялар да жоғары құн мен бюрократияның халықаралық мамандарды тартуды қиындатады және елдің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, деп есептейді.