|
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
|
Катар билігі Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты бұғатталған Үрміз бұғазын айналып өтуге мүмкіндік беретін құрлық арқылы газ тасымалдау жобасынан бас тартты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Qatar Energy баспасөз қызметіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті мәлімдемені осы араб елінің мемлекеттік энергетика министрі Саад әл-Кааби жасады. әл-Каабидің айтуынша, Үрміз бұғазынан өтетін газ құбырларын тарту жобасы экономикалық тұрғыдан тиімсіз. «Біз құбырларды коммерциялық және техникалық өлшемдерге сүйене отырып, балама жол ретінде қарастырмайтын болдық», - деді мемлекеттік министр Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы алаңында өткен Катар экономикалық форумы барысында. Ол Катар газды сұйытылған түрде жеткізіп отырғанына назар аударды. Мұндай жағдайда ел көгілдір отынды газ құбыры арқылы газ сұйытылмаған күйінде тасымалдау үшін қажетті инфрақұрылымды салуға, атап айтқанда, қабылдау терминалдарында сұйылтумен айналысуға мәжбүр болар еді, ал бұл елеулі шығындармен қатар жүреді. "Бұл North Field кен орнын кеңейту жобасы шеңберінде Катарда салынып жатқан қайталанатын нысандардың құрылысын білдіреді. Экономикалық тұрғыдан бұл жобаның еш мағынасы жоқ", - деп түйіндеді сөзін.