Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті
31 минут бұрын 26 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияда ет өнімдеріне арналған жаңа стандарттар, соның ішінде жергілікті шаурма баламасы - донер-кебабқа да қатысы бар стандарт күшіне енді. Бұл жайында islam.kz порталы Malatya Рencere ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті құжат 2026 жылдың 16 қыркүйек айында аталған елдің ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің Resmi Gazete ресми жаршысында жариялады. Енді донерді дайындау кезінде сүт, йогурт және жұмыртқа ақуыздарынан басқа соя, крахмал, ірімшік, фисташка, сондай-ақ, протеин ұнтақтары мен ақуыздың гидролизаттарын пайдалануға тыйым салынады. Бұл шаралар ет салмағын жасанды түрде ұлғайтуға және бұрмалауға қарсы бағытталған. Донер үшін қатаң шектеулер белгіленген: май үлесі 25% -дан, тұз - 2% -дан аспауы тиіс, ал ет ақуызының құрамы кемінде 12% болуы тиіс. Тауық донері үшін май лимиті 15% -ға дейін төмендетілген. Заттаңбада донерді енді жай ғана «донер» деп атауға болмайды. Өндiрiс тәсiлiне қарай оны «yaprak döner» (тұтас еттен), «kıyma döner» (фарштан) немесе «yaprak-kıyma döner» (аралас) деп таңбалауға мiндеттi. «Kıyma döner» санаты үшін фарштың үлесі 90% -дан аспауы тиіс, ал кемінде 10% -ы тұтас етке тиесілі болуы тиіс. Барлық өндірушілер, мейрамханалар мен цехтар үшін өтпелі кезең белгіленген, яғни, белгілі біо мерзімге дейін жаңа ереже талаптарына сәйкес ретке келтіру үшін мұрсат беріліп отыр: 2027 жылдың наурыз айының аяғына дейін өз өнімдері мен технологиялық процестерін жаңа стандарттарға сәйкес келтіру қажет.

0 пікір
Мұрағат