Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
34 минут бұрын 23 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қатерлі ісік ауруының “жасарып” бара жатқанын, дәлірегі, жас талғамайтын деңгейге жеткенін мәлімдеп, дабыл қақты. Бұл жайында islam.kz порталы Аfrica News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экономикаға да, адамға да салмақ салатын аурудан күн сайын күллі әлем бойынша орта есеппен 26 мың адам өмірімен қош айтысады. Десе де обырдан болатын өлім-жітім көрсеткішінде дамыған елдер мен дамушы елдер арасында жер мен көктей айырмашылық бары да таяудағы ДДСҰ баяндамасында келтірілген дерек әйгілеп берді. Сарапшылардың айтуынша, обырдан аман қалу мүмкіндігі көбінесе адамның қай елде тұратынына байланысты. Еуропа мен Солтүстік Америкадағы төрт адамның біреуі обырға шалдықса, он екі адамның біреуі ғана осы аурудан қайтыс болады. Ал Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде ауруды ерте анықтау мен ем-домның шектелуі болуына байланысты осы аурудан көз жұматындар қарасы дәулеті шалқыған елдерге қарағанда едәуір жоғары. Есепте сүт безі қатерлі ісігі кезінде өмір сүру көрсеткіші күрт айырмашылықты көрсетеді. Табыс деңгейі жоғары елдерде осы ауруға шалдыққан әйелдердің 90 пайызы кем дегенде бес жыл өмір сүреді. Табыс деңгейі төмен елдерде бұл көрсеткіш 40 пайыздан төмен. ДДСҰ мәліметіне қарағанда, жыл сайын адамзаттың шамамен 20,6 миллионынан қатерлі ісік анықталып жатады және жылына он млн адам осы аурудан бақилық болып жатады. ДДСҰ болжамынша, 2050 жылға таман қатерлі ісікпен ауыратындар саны жаһанда 35 млн адамға жетеді.

 

0 пікір
Мұрағат