|
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
|
Жапонияның Чиба университетінің доценті Дайсукэ Аоки әріптестерімен бірге тыңайтқыштарға қайта өңдеуге болатын полимерлерден жасалған бірегей жүйені әзірледі. Ерекше жүйе полимерді кейіннен жеуге жарамды қорек өсіру үшін пайдалануға болатын тыңайтқышқа айналдырады. Бұл жайында islam.kz порталы Тechcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы әлемде барлық нәрсені қайта өңдеуге болады. Пластик те бұдан тыс қалмайды. Алайда, өңдеуге тұра ма, өз-өзін ақтай ма, мәселе осыған барып тіреледі. Полимерлік тізбектерді бөлу қымбат және қиын, ал олардың өздері ондаған, тіпті, жүздеген жылдардан кейін ғана ыдырайды. Статискалық дерек шамамен мынадай: пластикалық бұйымдардың 65%-ы пайдалану басталғаннан кейін бір ай ішінде лақтырылады, пластиктен жасалған қалдықтардың 80%-ы ешқашан өңделмейді. Бұл процесс экономикалық және өндірістік тізбектерге енгізілген және жаһандық реформаларсыз оларды өзгерту мүмкін емес. Бұл мәселені шешудің ең оңай жолы - органикалық заттардан пластик жасау, содан кейін оны компост тәріздес етіп қайта өңдеу. Қиындық органикадан жасалған пластмассаның пайдалану параметрлері бойынша басқа нұсқалардан төмен болуында, сондықтан жапон ғалымы осындай пластикті коммерциялық тұрғыдан тиімді ету үшін жаңа пластификаторлар мен қоспалар ойлап табуға тура келді. Ал жолай оның командасы өңделген пластикті тыңайтқыш ретінде пайдалану мүмкіндігін тәжірибелі тұрғысынан растады.