|
Тағы бір ел адам тәрізді роботтарды қарулы күштер сапына қабылдайды
|
Жапония үкіметі қорғаныс саласында гуманоидты, яғни, адам тәрізді роботтарды қолдануды қарастырып жатыр. Бұл туралы islam.kz порталы Saitama Shimbun деп аталатын күншығыс елінің ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Аталған ақпарат көзінің авторлары инсайдерлерге сілтеме жасай отырып, машиналарды өз бетінше бағдарлап, күш пен орындауды талап ететін нақты міндеттерді орындай алуы үшін жасанды зердемен жарақтандыруды жоспарлап отырғанын айтты. Алғашқы кезеңде мұндай роботтар қорғаныс секторындағы тылдық және қосалқы міндеттер үшін пайдаланылатын болады. Роботтар әскери базаларды күзетумен, сондай-ақ, жабдықтар мен басқа да жүктерді тасымалдаумен айналыса алады. Бұл ретте жапон билігі жауынгерлік іс-қимылдарда адам тәрізді роботтарды тікелей қолданудлың тиімділігіне күмәнмен қарайды. Авторлар жоба мақсаттарының бірі ретінде әскери қызметшілердің күнделікті жұмыстарға қажеттілігін азайтуды атады. Бұдан бөлек, мұндай жоба Жапония қорғаныс министрлігі алдынна мақсат етіп қойған автоматтандыру стратегиясына қайшы келмейді. Сондай-ақ, билік мұндай роботтарды барлау және құтқару операцияларында пайдалану мүмкіндігін қарастыруда. Ақылды машиналар шектеулі жеке аадам қолы жетіспегенде міндеттерді орындаудың тиімді құралына айналуы мүмкін.
Ұқсас жаңалық: