|
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
|
Израил мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде. Еуропалық елдердің Elbit Systems компаниясы мен Deal Defense компаниясының дербес жүйелерге деген қызығушылығы артып келе жатыр. Осыған байланысты Sharkerk жобасы аясында SkyStriker деп аталатын алыс қашықтыққа барраждаушы (нысанның белгілі бір аумағын бақылап, кез келген сәтте қауіпке жауап қататын) оқ-дәрілері жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы Сursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяудағы сынақ кезінде бірегей жүйе өз бетінше нысананы табу, көздеу және ату қабілетін көрсетті. Басқаруды беру функциясы жеке тексерілді - оны 80 шақырым қашықтықта сәтті жүзеге асыру мүмкін болды. SkyStriker барлау және бақылау жүргізу үшін арнайы іске қосу контейнерінен ұшырылды, содан кейін жүйе нысанаға дөп тиді. Сондай-ақ, SkyLark 1-дің тігінен ұшып-қона алатын барлау дронымен өзара іс-қимылы көрсетілді. Оқ-дәрінің басты ерекшеліктерінің бірі - 200 шақырымнан аса қашықтықты қолдануғға болады. Бұл ретте жүйе әуеде екі сағаттан артық бола алады. Электр қозғалтқышының арқасында оның дыбыс (акустикалық) және жылу бөлуі төмен, яғни, жау құралының назарына іліге бермейді. Бірегей жүйе алыс қашықтықтағы нысанға жоғары дәлдікте соққы беруге арналған. Оны зениттік кешендер мен ұтқыр әскери объектілерді қоса алғанда, әртүрлі мақсаттарға қарсы қолдануға болады. SkyStriker түрлі платформалардан іске қосу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Олардың ішінде құрлықта қозғалатын техникасы, арнайы контейнерлер, ұшақтар және неміс және басқа да еуропалық қарулы күштері пайдаланатын Euro-PULS ұшыру қондырғылары бар.