|
Араб елі шетелдегі диаспорасына үлкен күшке айналуы үшін қомақты қолдау көрсетеді
|
Марокко үкіметінің жетекшісі Әзіз Ақаныс (суретте - ред.) шетелде тұратын қандастарының экономикалық, әлеуметтік және инвестициялық күшке айналып келе жатқанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Yabiladi ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, шетелдегі марокколықтардың отанына аударған ақшасын инвестиция ретінде пайдаланып, жаңа жұмыс орындарын ашуды ұйғарып отыр. Осыған байланысты аталған араб елінің билігі шетелдегі қандастардың ел экономикасына қосып жатқан үлесін жоғары бағалап отыр. Таяуда өткен «Инвестиция және әлемдегі марокколықтар» деп аталатын ұлттық алқалы жиында сөз алған үкіметбасы шетелдегі марокколықтардың отанына өткен жылы 122млрд дирхам аударғаны жөнінде дерек келтірді. Осылай деген министрлер кабинетінің төрағасы шетелдегі марокколықтар диаспорасының халықаралық байланысы барын, құнды білім мен дағдыға ие екендігін тілге тиек етті. Міне, осындай факторларды ескере келе Марокко шетелдегі диаспорасымен жаңа экономикалық қатынас орнататынын, оларды елдің дамуына тигізер әсеріне байланысты стартегиялық күшке айналдыруға күш салатынын мәлімдеді. Шетелдегі марокколықтарды қолдауға арналған институттарды қолдауға бағытталған мағлұмдамада Мұхаммед деп аталатын марокколықтардың жаһандық қоры құрылатынын атап өтті. Ел экономикасын трансформациялау бағытында монарх VI Мұхаммедтің тұсында іске қосылған құрылымдық реформалар мен стратегиялық жобалар түрлі секторларға ірі инвестициялар тартатын өңірлік инвестициялық орталыққа айналдырмақ. Осы орайда үкіметтің іскерлік ахуалды жақсартуға, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және кәсіпкерлер үшін цифрлық қызметтерді кеңейтуге бағытталған жаңа Инвестициялық хартия мен 2023-2026 жылдарға арналған жол картасын қоса алғанда, инвестициялық экожүйе реформаланды.