Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы елдің автокөлік өнеркәсібін ынталандыру үшін Ceer алғашқы электрмен жүретін көлікті көрсетті (фото)
Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы елдің автокөлік өнеркәсібін ынталандыру үшін Ceer алғашқы электрмен жүретін көлікті көрсетті (фото)
39 минут бұрын 24 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының тақ мұрагері, мемлекеттік инвестициялар қорының жетекшісі Мұхаммед бин Салман дүйсенбі күні Сауд Арабиясының электрмен жүретін көлік өндірушісі Ceer компаниясының «Exobot» атты алғашқы автомобилін жұртшылық назарына ұсынып, королдіктің алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік секторды дамыту жөніндегі стратегиялық бағытын көрсетті: жоба Saudi Vision 2030 мақсаттарына сәйкес келеді және Саудияның әлемдік автокөлік өнеркәсібі картасындағы позициясын нығайтады.Бұл жайында islam.kz порталы Аrab News (Араб жаңалықтары) ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Exobot автокөлігі келесі бес жыл ішінде қатарынан шығарылатын жеті үлгіден тұратын Ceer паркіндегі алғашқы өнімдер болмақ. Олардың арасында - клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түрлі қуат қондырғылары бар орташа және ықшам моделдер. Барлық моделдер King Abdallah экономикалық қаласындағы King Salman автокөлік кластерінің құрамында, Ceer өнеркәсіптік кешенінде өндірілетін болады. Бұл кешен Таяу Шығыстағы ірі кәсіпорын және әлемдегі ең озық автокөлік өндірістік кәсіпорындарының бірі. Exobot бірегей дизайнымен ерекшеленеді, ең жоғары халықаралық ерекшеліктер бойынша жергілікті деңгейде әзірленген және жобаланған. Аталмыш компания королдіктің жалпы ішкі өніміне 30 миллиардтан астам SR (сауд риалы немесе 8 миллиард доллар) қосады, сауда балансын саудтықтардың ұлттық валютасы бойынша шамамен 80 миллиард қаражатқа арттырады және 2034 жылға қарай тікелей және жанама жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Қор 2022 жылы Ceer-ді іске қосты, ол ұлттық өнеркәсіптік экожүйені дамуын қолдау, инвестициялар тарту, жекеменшік сектор үшін мүмкіндіктер жасау және жалпы ішкі өнімді ұлғайту мақсатында алғашқы сауд автокөлік брендіне айналды.

Exobot отличается уникальным дизайном, вдохновлённым землёй королевства, укоренённым в его культуре и выражающим видение. (СПА)

0 пікір
Мұрағат