|
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
|
2021 жылы Шанхай қаласындағы (Қытай) мыңдаған пайдаланылған сүт шөлмегін кәдеге жаратудың жолы табылды: Жер күнінде ұсынылған бірегей жобаны Dow компаниясы мен Shiny Meadow сүт бренді өңделуі қиын пластик мәселесін шешуге арнаған еді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Times of India ақпарат көзіне жөн сілтеген Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 6000-нан астам шөлмекті басқа пластик қалдықтармен қатар Шығыс Қытай ғылым және технология университетінің жолға қатысты жобасында пайдаланып, өңдеушілер қиындықпен қабылдаған материалды полимерлермен модификацияланған асфальт жабынына айналдырды. Мыңдаған қажетсіз шөлмектер осылайша Сюйхуэй кампусының ECUST инфрақұрылымының бір бөлігіне айналды. Dow ресми баспасөз хабарламасына сәйкес сүт шөлмектері енді жол салуға жарамды болуы мүмкін. Техникалық жағынан шөлмектер қайта өңделуге жатады, бірақ, өңдеушілер оларды қабылдаудан бас тартады, өйткені, сүт қалдықтары қоршаған ортаны көп ластайды. Dow компаниясы қиын өңделетін пластикті жинап, оны полимерлік түрлендірілген асфальт өндіру үшін тұтыну қалдықтарынан өңделген пластикке айналдыруды алдына міндет етіп қойған екен.