Батыстағы мұсылмандардың ең басты қорқынышы – ислмофобия емес, басқа...
Батыстағы мұсылмандардың ең басты қорқынышы – ислмофобия емес, басқа...
5 минут бұрын 5 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританиядағы мұсылман пациенттер өз организіміне қандай жануардың сүйегінен әзірленген трансплантанттың енгізілетінін білмейді. Медициналық құралдың қандай материалдан немесе шикізаттан жасалғанын білмеуден туған қорқыныш исламофобтардың шабуылынан да зор болып тұр. Бұл жайында islam.kz порталы 5pillarsuk.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Bone Truths есебінде жануарлардан алынған сүйек Ұлыбритания мен әлемде тіс трансплантатының ең кең таралған түріне жатады, алайда, пациенттердің көбісі материалдың шығу тегінен жеткілікті деңгейде хабардар емес. Айталық, пациенттің жақ сүйегінде елеулі ақау болса немесе зақым келсе, имплант дұрыс орнығуы үшін алдымен жануар сүйегінен әзірленген жақ сүйегі трансплантталады. Содан кейін барып тіс импланты салынады. Осылайша жасанды тіс берік орналасвды. Десе де пациенттердің дені өзіне салынатын импланттың өлген адамның сүйегінен бе әлде доңыз сүйегінен ба немесе синтетикалық материалдан да, ол жағын біле бермейді. Ксенотрансплантаттар деп аталатын жануарлардан алынатын трансплантаттар әдетте сиыр сүйегінен әзірленеді, алайда, мұндай транспланттар доңыз бен өзге де жануардан алынуы мүмкін. Тәуелсіз стоматологтар, сондай-ақ, сиыр сүйектерінен жасалған ксенотрансплантаттарды және адам донорының аллотрансплантаттарын импланттарды транспланттау үшін пайдаланатындарын жасырмайды. Бұұл тараптағы зерттеуде мұсылмандар арасында тіс дәрігерлерінің имплантты қандай жануардан алынған материалдан әзірленгені жөніндегі ақпаратты ашпайтындығы анықталды. Сауалнамаға қатысқан мұсылмандардың жартысы егер тіс дәрігері жануарлардан алынатын материал қолданылғанын айтпаса, тиісті құзырлы орындарға шағымданатынын жеткізген. Ал 47%-ы заңгерлік кеңес немесе сот әрекеттеріне жүгінуге дайын екенін мәлімдеді. Тіс имплантын салдырған 300 пациенттің 37% -ы ғана сауалнамада тіс дәрігерімен сүйек трансплантатына арналған материалдардың түрлерін талқылағанын және олардың қайсысы пациенттің өз қалауына қарай пайдаланылғанын жеткізген. Төрттен бірі - 24% - өздерінің тіс дәрігерінің транспланттау үшін материал таңдауға әсер ететін діни, этикалық немесе жеке сенімдерін сұрамай, яғни, санаспай емдеген. Осы орайда тіс импланттарын орнату процедураларының жартысына дейін сүйек трансплантантын қажет еткенін айта кетпекпіз. Бұл көрсеткіш Ұлыбританияда 1,5 миллионға дейін адам трансплантантты алғанын білдіреді. Бұл ретте жыл сайын тііс имплантын салдыру бойынша 130 000-ға жуық процедура жүргізіледі.

0 пікір
Мұрағат