Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды
7 минут бұрын 15 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Orhan Qereman / Reuters

Жаңа мұнай мен газдың кен орындарының табылу көрсеткіші 40 жылда ең төменгі деңгейге дейін төмендеді. Бұл жайында islam.kz порталы Nikkei Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемде жаңа кен орындарының табылуы сиреп баратынын мәлімдеді аталған ақпарат көзі. Global Energy Monitor дерегі бойынша өткен жылы небәрі 19 коммерциялық маңызы бар мұнай-газ кен орны табылды, бұл көрсеткіш 1980 жылдан бергі ең төмені. Табылған қорлардың мөлшері де 2013 жылдың ең жоғары деңгейінің оннан бір бөлігіне де жетпеген. «Әлемдік энергетикалық компаниялар тарапынан инвестициялардың қысқаруы барлау қызметіне қосымша салмақ салатындықтан жаңа кен орындарының саны 40 жылдан астам уақыттағы ең төменгі деңгейге дейін құлдырап кеткен», - деп түсіндіреді сарапшылар. 2020 жылдан бастап мұнай алыптары климат дағдарысына байланысты халықаралық экологиялық ұйымдар мен инвесторлар тарапынан қысымға тап болды. Осындай себеппен олар капиталын жаңартылатын энергетикаға бағыттауға мәжбүр болған Нәтижесінде мұнай-газ кен орындарын игеруге инвестициялар өткен жылы 540 миллиард долларға дейін (2010 жылмен салыстырғанда минус 40 пайыз) төмендеді. Оның орнына конгломераттар қолда бар кен орындарын кеңейтуге қаражат жұмсағанды қолай көреді. Тағы бір себеп – барлау жұмыстарының күрделілігі мен қымбаттығы, өйткені, жаңа кен орындары терең сулы және қайраңды аудандардан іздестіріледі. Нәтижесінде барлау үшін жер телімін алудан бастап өндіру басталғанға дейін 20 жылға жуық уақыт өтуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат