|
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
|
Осы жылдың тамыз айында Қытайда бүкіл әлемдік адам тәрізді роботтардың ойындары өтті. Бұл жарыста секіруден, билеуден, жүгіруден, т.б. машиналар бірқатар рекорд орнатты. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал бірнеше тәуліктен кейін Қытайдың жетекші өндірушілері мен зертханаларына Қытайдың азат ету армиясынан ресми сауалдар түскен екен - сіздердің әскери қызметке арналған перспективалы платформаларыңызды бейімдеу қажеттігі турасында. Бірден нақтылау керек, қарулы күштер сапына адам тәрізді роботтарды енгізу жоспары 5-10 жылға шақталған немесе жоспарланған. Ал басқалары, робот-иттер мен түрлі дрондар Қытайдың жаяу әскер топтарында тұрақты негізде бар. Онда өткен жылы гибридтік шабуыл тобының сызбасын жасақтап жетілдіруде, оның құрамында роботтардың үш түрі де болады. Дрондар барлауды жүргізуде, робот иттер объектілерге кіреді, ал адам тәрізді «терминаторлар» қарсыласты жою үшін ауыр қару-жарақты пайдаланады. Робот адам сияқты қалғап кетпейді, қас қақпай күзете алады. Шала ұйқы сарбаздың ұрыс даласында тиімді соғыса алмайды. Бұдан бөлек, робот кез келген уақытта ұрысқа сақадай сай әзір тұрады – қарсыласын жай оғындай жайратып салады. Ал адам аштықтан бұратылып, шөлден қаталап, аптап ыстықтан титықтап шаршағанда немесе суықтан жаурағанда робот оны алмастыра алады.
Ұқсас материал:
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады