Азықты ысырап етуге қарсы заң қабылданды
Азықты ысырап етуге қарсы заң қабылданды
3 жыл бұрын 2595 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Қытай парламенті тағам өнімдерін ысырап етуге қарсы күрес туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, осыдан аттай төрт ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Тамақты тауысып жемегендерге айыппұл салынады»  (https://islam.kz/kk/news/alem/tamaqty-tauysyp-jemegenderge-aiyppul-salynady-14587/#gsc.tab=0) жаңалығымызда аталған елде бұл тарапта арнайы заң жобасы әзірленіп жатқанын хабардар еткенбіз. Сол заң жобасы енді қабылданды. Климат өзгерісіне қатысты дағдарыс тереңдеген кезеңде көкейтесті мәселеге айналған азық-түлік қауіпсіздігі үшін де маңызы зор мұндай заң Қытай аумағында сәуір айының 29-ы күні қолданысқа енді. Бүкіл қытайлық халық жиналысының өкілдері мен елдің заң шығарушы жоғарғы органы дауысқа салып, бірауыздан қабылдаған аталмыш заңды тағам ысырабына қарсы қолға алынған, миллиондаған адам атсалысқан «Таза тарелка» науқанының қорытындысы ретінде десе де болады. Осы орайда Қытайда жыл сайын шамамен 35 млн тонна азық-түлік өнімдері тұтынушыға жетпей жатып ысырап болатынын айта кету керек. Күн сайын Қытайдың 500 қаласында орташа есеппен 50 тоннаға тағам қалдығы қоқысқа тасталады. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, Бейжің, Шанхай секілді аса ірі мегаполистерден бөлек Шенду және Лхас секілді қалалардың өзінде орташа есеппен 17-18 млн тонна азық-түлік қоқысқа тасталады. Мұнша мөлшердегі азық 30-50 млн адамды тамақтандыруға болады.

Ұқсас материалдар:

 «Азық-түліктің 3/1-і қоқысқа тасталады» (https://islam.kz/kk/news/alem/azyq-tuliktin-31-i-qoqysqa-tastalady-14630/#gsc.tab=0);

"Әлемде тағамның үштен бірі қоқысқа тасталады немесе ысырапшылдықтың себептері мен салдары" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/alemde-tagamnyn-ushten-biri-qoqysqa-tastalady-nemese-ysyrapshyldyqtyn-sebepteri-men-saldary-9296#gsc.tab=0);

«Түркия жылына 36 млрд доллар шығын әкелетін шектен тыс ысырапшылдықпен қалай күресерін білмей отыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-jylyna-36-mlrd-dollar-shygyn-akeletin-shekten-tys-ysyrapshyldyqpen-qalai-kureserin-bilmei-otyr-12277/#gsc.tab=0);

«Дүкендерге мерзімі өткен азық-түлікті мұқтаждарға беруді міндеттейді» (https://islam.kz/kk/news/alem/dukenderge-merzimi-otken-azyq-tulikti-muqtajdarga-berudi-mindetteidi-12987/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат