Тамақты тауысып жемегендерге айыппұл салынады
Тамақты тауысып жемегендерге айыппұл салынады
3 жыл бұрын 4480 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі азық-түлік қауіпсіздігінде маңызды рөл атқаратын ысырапқа қарсы, дәлірегі, тамақ қалдығын болдырмау әрі азық-түлікті ұқыпсыз пайдалануға қарсы күрес науқаны үшін жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы 新華社 («Синьхуа») ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Бұл заң ең алдымен қоғамдық тамақтандыру орындардағы ас-ауқат ысырапшылдығына жол бермеуге бағытталады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, тамақты артығымен алып, жемей кеткен адам ғана емес, сонымен қатар, оны көбірек жеуге азғырған адам да жазасыз қалмайды. Бұдан бөлек, клиенттеріне ысырапқа жол бермеуді алдын ала ескертпеген қоғамдық тамақтандыру орындарының қожайындарына да қомақты айыппұл салынады, 10 мың юанға дейін (біздің теңгеге шаққанда шамамен - 645 мың). Бұған қоса, қоғамдық тамақтандыру орындарының қабырғаларында азық-түлікті үнемдеп, ұқыпты пайдалануға шақыратын жазбалар болуы тиіс. Асхана қожайыны да ішілмей немесе желінбей қалған тамақ үшін клиентінен ақша өндіріп ала алады. Заң талабы бойынша. Бұл заң талабы бұқаралық ақпарат құралдарын да қамтиды: тойып тамақтануды немесе ысырапты насихаттаған, жарнамалағандары (мысалы, «кім артығымен жей алады» сарында, т.б.) да жауапкершілікке тартылады. Мұндай келеңсіздікке жол бергендеріне 100 мың юанға дейін (теңгеге шаққанда – 6,45 млн теңге) айыппұл салынады. Егер мұндай келеңсіздікті қайталаса, ондай ұйым жабылады. Осы орайда бұрын аталған елде «Таза тарелке» деген атпен науқан жүргізілгенін айта кету керек – тамақ қалдығын болдырмау, яғни, ысырапқа жол бермеу мақсатында.

0 пікір
Мұрағат