Арабтар ерледі: шөл далаға жасанды жаңбыр жаудырып жатыр (видео)
Арабтар ерледі: шөл далаға жасанды жаңбыр жаудырып жатыр (видео)
3 жыл бұрын 24546 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күндізгі уақытта ауа температурасы 50 градусқа дейін ыситын Біріккен Араб Әмірлігінде осы заманғы озық технологияны сынап көру арқылы жаңбыр жаудыруға қол жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған араб елінің ауа райын болжайтын Марказ әл-Асифа (Storm Center) орталығына жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Жасанды жаңбыр - аталған елдің Хатта кентінің солтүстігіндегі Хажар тау сілемдеріне, Уәди әл-Хил ауданында, Һууайлат, т.б. өңірлерге жауған. Ұлттық метеорология бюросының келтірген мәліметіне қарағанда, жаз мезгілінде көктен нәр тамбайтын өлкеде осылайша жасанды жолмен жаңбыр жаудырған.

Талған араб елінің билігі мен мамандары жауын шақыру технологиясын белсенді пайдалануға көшкен ел. Бұл бағытта бұрын да хабарлағанымыздай (қараңыз: Шөлге жасанды жолмен жаңбыр жаудыру технологиясы сынақтан өтіп жатыр (https://islam.kz/kk/news/alem/sholge-jasandy-jolmen-janbyr-jaudyru-tehnologiyasy-synaqtan-otip-jatyr-12429/#gsc.tab=0) , бұл тарапта батыл тәжірибелер жүргізіп, соның ішінде осы көктемде жауын-шашын мөлшерін арттыратын тың тәсіл сынақтан өткізілді, бұдан бөлек, химиялық қандай да бір қоспаны пайдаланбай-ақ, бұлттарда электр кернеуін тудыратын дрондардың көмегіне де жүгінуде. Қоршаған орта мен адамзатқа тигізер зияны мен қатері жоқ бұл тәсіл жиі қолданылатын болып жүр. Бұл бағыттағы сынақты Дубай қаласындағы SANAD академиясы Рединг британ университетінің ғалымдарымен бірігіп жүргізіп жатыр. 

Ұқсас материалдар:

«Жасанды жолмен жаңбыр жаудыруды беспилотниктер жүзеге асырады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-jolmen-janbyr-jaudyrudy-bespilotnikter-juzege-asyrady-14705/#gsc.tab=0);

"Ауа райын қолдан басқару жобасының қатері..." ( https://islam.kz/kk/news/alem/aua-raiyn-qoldan-basqaru-jobasynyn-qateri-14646/#gsc.tab=0);

«Қытай аумағының жартысынан астамында жасанды жаңбыр мен қар жаудыратын жоба жүзеге асырыла бастайды» ( https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-aumagynyn-jartysynan-astamynda-jasandy-janbyr-men-qar-jaudyratyn-joba-juzege-asyryla-bastaidy-14498/#gsc.tab=0);

«Шөлге жасанды жолмен жаңбыр жаудыру технологиясы сынақтан өтіп жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/sholge-jasandy-jolmen-janbyr-jaudyru-tehnologiyasy-synaqtan-otip-jatyr-12429/#gsc.tab=0);

«Биржада жауын суы тұңғыш рет сатылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/birjada-jauyn-suy-tungysh-ret-satyldy-14539/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат