Жасанды жолмен жаңбыр жаудыруды беспилотниктер жүзеге асырады
Жасанды жолмен жаңбыр жаудыруды беспилотниктер жүзеге асырады
3 жыл бұрын 3943 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай мамандары жасанды жолмен жауын-шашын шақыру үшін ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдалануды көздеп отыр. Осы мақсатта таяуда Ganlin 1 ұшқышсыз ұшатын аппараты сынақтан өткізілді. Бұл жайында islam.kz порталы China Daily мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш сынақ Ганьсу провинциясына қарасты Цзиньчэн қаласының әуежайында өткізілді. Ganlin 1 аппараты әуеде 30 минуттан аса уақыт болды. Ппараттың ұшу қабілеті мен дронды басқару жүйесі бағаланды. Ganlin 1 аппараты Қытай метеорологиялық басқармасының тапсырысымен осы мақсатта арнайы құрастырылғанын айта кету керек, яғни, аталған аппарат тек жауын жаудыратын бұлттар түзу мақсатында жасалып отыр. Ганьсу провинциясының метеорологиялық басқармасы жетекшісінің орынбасары Ли Чжаожун аталған провинцияның құрғақшылық жайлаған аудандарына жасанады жолмен жауын шақыруды мақсат етіп отырғанын жеткізді. Бұл беспилотник жауын бұлтының тиімділігін де сараптай алатын жүйемен жабдықталған. Бүгінде Қытай аумағында жасанды жолмен жауын шақыруды зымырандар мен ұшақтар жүзеге асырып жүр. Көп ұзамай олардың орнын әлдеқайда арзанға түсетін дрондар алмастыратын болады.

Ұқсас материалдар:

"Ауа райын қолдан басқару жобасының қатері..." (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/alem/aua-raiyn-qoldan-basqaru-jobasynyn-qateri-14646/#gsc.tab=0);

«Қытай аумағының жартысынан астамында жасанды жаңбыр мен қар жаудыратын жоба жүзеге асырыла бастайды» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/alem/qytai-aumagynyn-jartysynan-astamynda-jasandy-janbyr-men-qar-jaudyratyn-joba-juzege-asyryla-bastaidy-14498/#gsc.tab=0);

«Шөлге жасанды жолмен жаңбыр жаудыру технологиясы сынақтан өтіп жатыр» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/alem/sholge-jasandy-jolmen-janbyr-jaudyru-tehnologiyasy-synaqtan-otip-jatyr-12429/#gsc.tab=0);

«Биржада жауын суы тұңғыш рет сатылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/madeniet/birjada-jauyn-suy-tungysh-ret-satyldy-14539/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат