Дәрілік өсімдіктердің өзінен қыруар пайда тауып отырған ел
Дәрілік өсімдіктердің өзінен қыруар пайда тауып отырған ел
3 жыл бұрын 3041 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иранның сауда-саттыққа жәрдемдесу жөніндегі ұйымның ресми өкілі Махмұд Базар парсылардың жыл санауы бойынша наурыз айының 21-нен бері, яғни, айналдырған 3 айдың ішінде дәрілік өсімдіктерді сатудан 49 млн доллар пайда тапқандарын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы IRNA ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталған мерзім аралығында Ираннан 29 мың дәрілік, сәндік және өнеркәсіптік өсімдік экспортталған. Иран аумағында кеңінен өсірілетін шафран өсімдігінің өзі бұл бағыттағы экспорттың 53%-ын құраған. Ал шай экспорты 4000 тоннаға жетіп, 4 млн доллар табыс әкелген. Бқл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 728%-ға артық. Шиғалар елінің емдік және сәндік, сондай-ақ, опа-далап пен өзге де өнеркәсіптік мақсатта қолданылатын мұндай шикізатты негізінен Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі, Испания, Пәкістан, Ирак және Германия импорттайды. Осы орайда дәрілік өсімдіктер нарығының жылдан жылға ұлғайып келе жатқанын айта кетпекпіз. Әлем бойынша бұл нарықтағы айналым 2018 жылы алғаш рет 10 млн доллардан асқан.

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шайұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.[1]

Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады:[2]

Дереккөздер

  1.  Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  2.  Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

 

0 пікір
Мұрағат