Телефонды саусақ ұшымен қуаттайтын құрылғы жасалды (видео)
Телефонды саусақ ұшымен қуаттайтын құрылғы жасалды (видео)
3 жыл бұрын 2990 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары қалта телефоныңызды саусақ ұшймен қуаттауға мүмкіндік беретін, өзіңмен бірге алып жүруге қолайлы құрылғы жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы The Science Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құрылғы терді жинап, саусақ ұшын айналады. Бұл құрылғы жұмыс істеуі үшін адамның белсенді дене қимыл-қозғалысын қает етеді, терлеген кезде оны энергияға айналдырады. Электр сымы терді сіңіріп, электродтағы ферменттер электр өндіруге қажетті химиялық реакцияны іске қосады. Содан соң энергия шағын конденсаторды жиналады. 10 сағаттың ішінде құрылғы электронды қол сағатын 24 сағат бойы энергиямен қамтамасыз ете алатын 400 миллиджоул энергиясын жинай алған. Бұл тек бір саусаққа тағылған құрылғыдан алынған көрсеткіш. Егер барлық саусағыңызға тақсаңыз, 10 есе мол энергия жинай аласыз. Ғалымдардың айтуынша, саусақ ұшы адамның терлеуге бейім дене бөлігі.

0 пікір
Мұрағат