Әлемде жасанды ет өндіретін алғашқы фабрика ашылды
Әлемде жасанды ет өндіретін алғашқы фабрика ашылды
3 жыл бұрын 1962 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдік Future Meat Technologies компаниясы әлемде тұңғыш рет жасанды ет өндіретін фабриканы іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы Future Meat ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Рехоуот қаласындағы аталған кәсіпорын күніне 500 келіге дейін тауық етін, қой етін қолдан өсіреді. Осының өзі 5000-ға тарта гамбургер әзірлеуге жетіп жатыр. Жасанды ет өндірушілердің дені оны өндірудің екі тәсілінің бірін таңдап жатады. Біріншісі – сиыр етін алмастыра алатын өсімдік өнімдерінен (мәселен, Impossible Foods стартапы осы әдіске негізделген) өндіру; екіншісі – зертханада өсірілген тірі жасушадан өндіру. Яғни, арнайы биореакторда өсірілген жасушадан қоректік зат алу үшін тірі жануар тұтынатын заттар пайдаланылады. Future Meat Technologies компаниясы, міне, осы технологияны таңдай отырып, өз жандарынан ноу-хау қосты. Израилдік мамандар генетикалық түрлендіруден (модификация) бас тарта отырып, қоректік ортадан қалдықтарды тиімді жолмен тазартатын ерекше процесті іске қосады, нәтижесінде түпкілікті өнімді он есе арттыруға қол жеткізген. Бұл процестің, яғни, жасанды ет өндірісінің тағы бір маңызды артықшылығы сонда – аталмыш технология СО2-нің атмосфераға бөлініп, ластау деңгейін 80 пайызға азайтады әрі өндіріс кезінде пайдаланылуы тиіс суды 96 пайызға кеміткен. Бұдан бөлек, жасанды ет өндірісі жайылым мәселесін де шешіп береді – ет алу үшін мал жайылатын жайылымға қажеттілік болмайды. 

Future Meat

Ұқсас материалдар: 

«Жасанды ет төңірегіндегі талас-тартыс өршіп барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-toniregindegi-talas-tartys-orship-barady-12689/#gsc.tab=0);

«Жасанды ет өндірісінің кәдімгі ет өнімдерінен қандай айырмашылығы бар» (http://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-ondirisinin-kadimgi-et-onimderinen-qandai-aiyrmashylygy-bar-12523/#gsc.tab=0);

«Жасанды ет өндірісінде медициналық регенеративті әдіс қолданылады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-et-ondirisinde-meditsinalyq-regenerativti-adis-qoldanylady-14904/#gsc.tab=0);

"Жасанды ет компанияларының қатары артып келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-kompaniyalarynyn-qatary-artyp-keledi-14643/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат