Даврин теориясының тағы бір қателігі әшкере болды
Даврин теориясының тағы бір қателігі әшкере болды
3 жыл бұрын 2242 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Британ ғалымдары Чарльз Дарвиннің табиғи жолмен сұрыпталу теориясынан қате тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The Conversation мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Даврин теориясына сәйкес жыныстық жарқын белгілер серігін қаратуда маңызды рөл ойнайды. Яғни,Дарвиннің пайымдауынша, көбінесе биологиялық түрдің еркегіне белгілер неғұрлым жарқын болса, бұл ұрғашысын өзіне қаратуға көмегін тигізіп, бәсекелестерінің алдында мерейін үстем қылмақ. Давриннің топшылауынша, жыныстық сұрыпталу бірдей емес, яғни, жыныстық жағынан тең болмаса, дәлірегі, еркегі немесе ұрғашысы аз болған жағдайда өзара бәсекелестікте мұндай жыныстық белгілер маңызды рөл ойнайды. Мәселен ұрғашысы аз болған сайын еркегінің сыртқы кескін-келбеті соғүрлым жарқын бола түседі. Алайда, соңғы деректер Дарвин теориясының қате екенін көрсетіп берді. Мәселен, Дарвиннің жыныстық сұрыпталу теориясы бойынша тауыс еркегінің құйрығы құлпырып тұрса (бұл жыртқыштардың назарын аударатынына қарамастан), бұл тауыс құсы еркегінің денінің саулығын әрі ұрпақ өрбітуге қабілетті екенін көрсетеді. Алайда, тауыс құсының ұрғашылары саны жағынан басым түспейді. Сүтқоректілердің көбісінде ұрғашылардың саны еркегінің санынан артық. Тіпті, кейбір түрлерде аз. Мәселен, Австралия аумағында тіршілік ететін антехинус еркегінің барлығы шағылысу маусымынан кейін өледі, сол себепті, бірде-бір еркегі қалмайтын кездер жиі кездеседі.Ал құстарды бұл жайт керісінше: кейбір жыртқыштарда еркектерінің саны ұрғашыларына қарағанда алты есе көп болып келеді. Ғалымдар, сондай-ақ, 400-ден аса жануардың, соның ішінде жыл құстарының, зілдің (морж), т.б. жыныстық диморфизм (бұл терминнің анықтамасын төменде келтірілген kk.warbletoncouncil.org дерек көзінен біле аласыздар – ред.)  мөлшерін де қарастырды. Нәтижесінде ұрғашысы үшін бәсекеде үлкен мөлшердің еркегінің үстем түсуіне мүмкіндік беретіні белгілі болды. Ең қызығы, жыныстық сұрыпталу ұрғашысы жетіп артылатын түрлерде қарқынды жүретіні анықталды. Мына кереғарлықты қараңыз – ұрғашысы жетіп артылатын түрлерде еркектері өзара бәсекелесетін болып шықты. 

kk.warbletoncouncil.org дерек көзінен: 

The жыныстық диморфизм Ол бір түрдегі еркек пен аналық арасында байқалатын фенотиптік айырмашылықтардан тұрады. Бұл айырмашылықтар тек морфология саласында ғана емес (мысалы, дене өлшемі, түсі, басқалары сияқты), оларға физиологиялық және этологиялық деңгейдегі кейіпкерлер де кіреді. Керісінше, бір түрдегі екі жыныстың даралары сыртқы түріне ұқсас немесе бірдей болған кезде, қарама-қарсы термин қолданылады: мономорфты түрлер.

Жыныстарды ажыратуға мүмкіндік беретін бұл сипаттамалар, әдетте, еркектерде әйелдерге қарағанда көбірек көрінеді - маңызды ерекшеліктер болғанымен - олар бейімделгіш болып саналады. Бұл қасиеттер фитнес немесе фитнесті арттыру үшін ұсынылған репродуктивті табысты максимумға жеткізетін әр жыныстың. 

Диморфизм сөзі «екі форма» дегенді білдіреді. Сондықтан жыныстық диморфизм бір түрдегі екі жыныстың дараларының арасындағы айырмашылықты білдіреді.

Жыныстық диморфизм ағза өсіп, дамып келе жатқанда байқала бастайды. Әдетте, дененің ерте кезеңдерінде жыныс арасындағы пайда болу шамалы өзгереді.

Жыныстық жетілу жасынан кейін пайда болатын жыныстық белгілерді «екінші жыныстық сипаттамалар» деп атайды. Алғашқы жыныстық сипаттамалар, өз тарапынан, репродуктивтік процеске тікелей байланысты: жыныстық органдар.

Ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтар әр түрлі деңгейде болуы мүмкін: морфологиялық кейіпкерлер (анатомия, өлшем, түс), физиология, экология, мінез-құлық және басқалар.

Ұқсас материал:

«Чарльз Дарвинның теориясын жоққа шығаратын тағы бір теория пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/charlz-darvinnyn-teoriyasyn-joqqa-shygaratyn-tagy-bir-teoriya-paida-boldy-13901/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат