Қытайлар қаладан қашып жатыр...
Қытайлар қаладан қашып жатыр...
3 жыл бұрын 13672 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайлар қаладан қашып, жаппай ауылдық жерге қоныстанып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Гонконгтегі Hang Seng инвестициялық банк бөлімшесінің бас экономисі Ден Уанга жөн сілтеген CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Денн Уанның сөзіне қарағанда, мегаполисте туып-өскен, қалада жұмыс істейтін миллиондаған қытай азаматтары пандемия кезінде ауылдық жерлерге ағылған, алайда, карантинге байланысты шектеу шаралары алынып тасталғаннан кейін олар қалаға қайтудан бас тартып отыр. Қаржыгердің айтуынша, мұның себебі - қалалық жер жұқпалы індет ошағы, яғни, халқы тығыз қалада жұқпалы індет тез таралады, қауіпсіз емес. Екіншіден, қалада өмір сүру тым қымбат, яғни, бәрі сатылады әрі арзан емес. Ең басты себеп – халықтың қартаю процесі қарқын алып келеді, соған орай жұмыс істемейтін адамның өмір сүруі қиын. Кезінде қытайлардың қалаға жаппай қоныс аударуы, яғни, урбанизация нәтижесінде Қытайдың экономикасы дамып, аса ірі өнеркәсіп орталығына айналған еді. Қытайдың статистикалық бюросы келтірген дерек бойынша бүгінде ауылдық жерден қалаға келетін мигранттар қарасы 2,46 млн адамға аз 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда. 

0 пікір
Мұрағат