Жасанды ет компанияларының қатары артып келеді
Жасанды ет компанияларының қатары артып келеді
3 жыл бұрын 4401 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Жапонияны әлемге әйгілі етіп отырған компаниялардың бірінен саналатын Mitsubishi өкілдері жасанды ет өндірісінің технологиясымен шұғылданатын израилдік Aleph Farms компаниясымен ынтымақтасу жөнінде келісімге келді. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg экономикалық ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша күншығыс елі де табиғи жолмен алынатын етке қарағанда арзанға түсетін әрі қоршаған ортаға зияны жоқ технология көмегімен елдегі ет өнімдеріне деген тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды көздеп отыр. Aleph Farms компаниясының бас директоры Дидье Тубиа 2022 жылы тек Жапонияға ғана емес, сонымен қатар, Азияның өзге елдеріне де жасанды ет экспортын жолға қоятынын мәлімдеді. Осы орайда әлемде жасанды ет өсіруге мүмкіндік беретін технологиямен шұғылданатын 60-қа тарта компания барын айта кетпекпіз. Аталмыш технология бойынша негізінен жасанды ет зертханалық жағдайда жасушадан өсіріледі. Кезінде хабарлағанымыздай, 2020 жылдың соңына таман Сингапурде әлемде тұңғыш рет жасанды ет саудаға шығарылды.

0 пікір
Мұрағат