2017 жылдың IV тоқсанында Қазақстанның сыртқы қарызы 1,4 млрд долларға қысқарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
|
Қазақстанның сыртқы қарызы 1,4 млрд долларға азайды
|
2018 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанның сыртқы қарызы 167,5 млрд доллар болды. Сыртқы қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,9% жақсарып, 105,9%-ды құрады.
Қаржы нарығын реттеушілер қарыздың азаюына ірі өндіріс компаниялары инвесторларының алдын ала жіберген дивидендтерді төлеуі және еншілес компаниялардың сыртқы қарызды жабуымен байланысты.
Мемлекет басқаратын ұйымдардың сыртқы қарызы 1 млрд долларға өсіп, жалпы 27,4 млрд долларды құрады. Сондай-ақ, Қазақстанның таза сыртқы қарызы 2 млрд долларға өсіп, жалпы 45,7 млрд долларға жетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Ас қалдықтарының атмосфераға қаншалықты парникті газ бөлетіні айтылды
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады