Елі іші: Қарағандылық оқушының орнына сабаққа робот барып жүр
Елі іші: Қарағандылық оқушының орнына сабаққа робот барып жүр
9 жыл бұрын 2891

Қарағанды облысында оқушының орнына робот мектепке барып жүр, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты nv.kz порталына сілтеме жасай отырып.

Қимыл-тірек аппаратында ақауы бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында "Аватар" роботының таныстырылымы өтті. Гуманоид оқушылардың виртуалды түрде сабақтарға қатысуына көмектесіп, олардың мұғалімдермен және сыныптастарымен сөйлесулеріне мүмкіндік береді. Оның қызметін мекеме тәрбиленушілерінің бірі қолдана бастады.

"Мен білім алғанды жақсы көрем, енді ол тіпті оңай. Қоңырауда өзге оқушылармен сөйлесіп, мектептің ішін аралай аламын. Монитордан барлығы көрініп тұрады және менің дауысым барлығына естіледі", - дейді Руслан Жалаев.

Ұл бала жеті жылдан бері сабақты үйінен оқып жүр, дегенмен үйден білім алу оның республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысуына кедергі болмаған. Роботты басқару Руслан үшін қиындық тудырмады, себебі ол информатикаға әрдайым қызығады. Енді ол сыныптастарымен сөйлесіп қана қоймай, мектептегі шараларға да "қатыса" алады.

Айта кетейік, "Аватар" роботы екі бастырма арқылы басқарылады. Оның камерасы, микрофоны бар, олар арқылы дыбыс пен бейне оқушының компьютеріне келіп түседі. Ал үлкен экранның көмегімен мұғалімдер мен оқушылар Русланды көре алады. Роботтың дөңгелегі бар, сондықтан аса биік емес жерлерден оңай өтіп кете алады. Ең бастысы "Аватар" жүрген бөлмеде сымсыз Интернет болуы керек. 

Роботтың құны 2 миллион теңгеден асады. Егер бұл жоба сәтті деп танылса, облыстық білім басқармасы тағы біреуін алуды жоспарлап отыр.

 

Өскеменде "әнші" фонтан пайда болды 

Өскеменде "әнші" фонтан пайда болды - бұл қаланың 295 жылдығына арналған сыйлық. Бұл жайында tengrinews.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Жасаушылардың айтуынша, бұл Қазақстандағы жарық пен музыка үйлесімімен жұмыс істейтін ең ірі фонтандардың бірі. Оны құрастырушылардың қатарына сәулетшілер, құрылысшылар және дизайнерлермен қатар бағдарламашылар да тартылыпты. Олар судың атқылауын музыка ырғағымен және әуенмен үйлестірген.

Мұнда шырқалатын әуендер де шексіз, су да мыңдаған түрлі қозғалыспен "билейді." Өскемен әкімдігінің өкілдері мұндай фонтанды жасау үшін Ресейдің, Қытайдың және Араб Әмірліктерінің тәжірибесін қолданған. Алайда бұл фонтанды салуға жұмсалған қаражат Дубайдағы фонтанның құнынан әлдеқайда арзанға түскен.

0 пікір
Мұрағат