Динозаврдың қаңқасы саудаға шығарылды
Динозаврдың қаңқасы саудаға шығарылды
9 жыл бұрын 4127

Ет қоректі аллозаврдың (жыртқыш динозаврдың бір түрі – ред.) қаңқасы Ұлыбританияда Summers Place Auctions бәссауда үйінде саудаға шығарылды. Бұл жайында аталмыш бәссауда үйінің сайтында хабарланған. Бәссауданы ұйымдастырушылар оны 300 мыңнан 500 мың фунтқа (460 мыңнан 771 мың долларға) дейін сатуды ойластырып отыр. Бәссауда үстіміздегі жылдың қараша айының 25-і күні Батыс Суссекс графтығына қарасты Биллингсхерст елді-мекенінде өтеді. «Аллозавр динозавры тираннозавр секілді батыстағы ең белгілі жыртқыш динозавр болып есептеледі. Аллозаврдың көлеміне келсек, тек мұражай басшыларын ғана емес, сонымен қатар, бай қонақ үйлердің қожайындарын да қызықтырады деп ойлаймыз»,- деді аталмыш бәссауда үйінің жетекшісі Руперт Ван дер Верфф. Динозаврдың бұл түрі юрск дәуірінде, дәлірегі, осыдан шамамен 145-155 миллион жыл бұрын тіршілік еткен. Қаңқасының ұзындығы екі метрге жететіні жастауынікі, ал ересек аллозаврдың ұзындығы 8,5 метрге жетеді. Бұл бәссаудаға шығарылған аллозавр қаңқасы Вайоминг штатындағы карьерді қазу кезінде табылған.

0 пікір
Мұрағат