Мазарды бәссаудада сатып алуға болады
Мазарды бәссаудада сатып алуға болады
9 жыл бұрын 3181

Бақиға аттанғандарды жерлейтін орынның жетіспеушілігі Мәскеу билігін осындай қадамға итермелеп отыр. Мәселен, Ваганьковтағы немесе Пятницкидегі зираттарда орынның жетіспеушілігіне байланысты онда тек соңғы жерленген туысы барын дәлелдеген жағдайда адам сүйегін жер қойнына тапсыра алады. Олай болмаған жағдайда зират әкімшілігі ешкімге рұқсат бермейді. Белгілі болғандай, үстіміздегі жылдың қазан айының 1-нен бастап, Ресей астанасынан ашылатын бейіттен жер телімі сатыла бастайды. Мұндағы жер телімін отбасымен сатып алуға болады. Бұл ресми ақпарат – Мәскеу мэрі Сергей Собянин тиісті қаулыға қолын қойды. Бірақ, бұл зираттан жер телімін сатып алу оңайға түспейді. Алдымен аталған қала билігінің сайтында электронды жолмен ашық бәссауда процедурасынан өтуі тиіс өтініш берген адам. Осы мәселеге қатысты Мәскеудің сауда және қызмет көрсету департаментінің жетекшісі Алексей Немерюк: «Біз ерте бастан жерлеу орнын анықтау тәжірибесін жүзеге асырмақшымыз. Мұндай тәжірибе Еуропаның, Американың және Азияның көптеген елдерінде кездеседі. Зираттан сатып алынған жерді қайта сатуға тыйым салынады», - деп мәлімдеді. Ал зираттағы жерлеуге арналған жер телімін бағалауда оның кіреберісінен қанша қашық жатқаны, т.б. факторлар ескерілетін болады. 

0 пікір
Мұрағат