Зиянды бактерияны «іштен шалатын» қосынды табылды
Зиянды бактерияны «іштен шалатын» қосынды табылды
3 жыл бұрын 2642 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

«Троя» деп аталатын Голливудтық фильмді көргендеріңіз бар шығар, алынбас қамалды айламен құлататын тәсіл қолданып, басқыншылардың жеңіске жететіні бар. Аталған фильмдегі ағаштан жасалған «Троя аты» мүсінінің ішіне жасырынған жау сарбаздары қамалға бір кіріп алған соң, ойранды салып, қақпаны ашады...

Таяуда Сколтех (Сколков ғылым және технология институты) ғалымдары «Троя аты» әдісі бойынша әрекет ететін микробқа қарсы жаңа қосындыны зерттеген екен: еш зиянын тигізбейтіндей көрінетін молекула бактерия жасушасына еніп, бактерияны осылайша жояды, дәлірегі, ақуыздың синтезделу жолын бұғаттап тастайды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған RSC Chemical Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Бұл тарапта ресейлік ғалымдар микробқа қарсы жаңа қосындының биоситез ферментін кодтайтын гендердің жаңа кластерін анықтады. Микробтармен күрес, соның ішінде антибиотикке төзімді бактериялармен күрес – асу бермес, жылдан жылға күрделі сипат алып келе жатқан, адамзат бетпе-кет келіп отырған проблема. Алдымен қуатты сыртқы қорғанысын бұзып барып, қажетті жасуша ішіне енген соң жою тактикасы да қарастырылып жатыр. Мәселен, біз сөз етіп отырған молекула бактериялық жасуша ішіне енген соң генетикалық ақпараттың дұрыс тасымалдануын қамтамасыз ететін негізгі ферментті - аминоацил-тРНК-синтетазін бұғаттай алады. Сколтех аспиранты Дмитрий Травин, профессор Константин Северинов және биомедициналық зертхана жетекшісі Светлана Дубилей «трояндық ат» принципі бойынша әрекет ететін белгілі үш ингибиторды (альбомицин, С тәрізді қосындының микроцины және агроцин 84) зерделеп көрген екен. Осы аталған»биологиялық қарудың» үш түрі құрамында темір бар қосындыны имитациялайды - сидерофорды, кейбір пептидті және опинді (бактерия энергиясының көзі). Оғарыда аты аталған ғалымдардың айтуынша, бактериялардың мұндай дәрілерден тек бір-ақ тәсілмен қорғана алады – жасуша ішіне бір қарағанда зияны жоқтай көрінетін қосындыны жеткізетін тасымалдаушы ақуыздарды «залалсыздандыру» арқылы қорғана алады. Бактериялар мұндай қорғаныс жүйесін жиі іске қосатындықтан «троян атын» - ингибиторларды дәрі жасауда пайдаланып, дәрі арқылы әсер етуге болады деп есептейді. Алайда, мұндай дәрінің әсері аталмыш қосындыны тікелей жасуша ішіне ендіру тәсіліне қарағанда әлсіздеу келеді, соған қарамастан ішінара осындай жолмен залалсыздандырылған бактерия организмге көп қауіп төндіре алмайды. Десе де ғалымдар бұл бағыттағы зерттеудің толық аяқталмағанын, алдағы уақытта жалғасын табатынын алға тартып отыр. Аталмыш зерттеуге Ресей ғылым академиясының ген биологиясы институтының мамандары мен АҚШ-тың Ратгер университеті жанындағы Ваксман микробиология институтының мамандары атсалысты.

0 пікір
Мұрағат