Кох таяқшасының ем-домға бой бермеуінің әрі дәріге төзімділігінің құпиясы ашылды
Кох таяқшасының ем-домға бой бермеуінің әрі дәріге төзімділігінің құпиясы ашылды
3 жыл бұрын 3529 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейдің Сколков ғылым және технология жоғарғы оқу орнының ғалымдары жетекшілік еткен жапон, неміс, француз және белорус ғалымдарының консорциумы Mycobacterium tuberculosis бактериясының неліктен «жаны сірі» келетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Bioorganic Chemistry мерзімді басылымы мен бұл турасында хабар таратқан sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ғалымдардың халықаралық тобы туберкулез бактериясының қалай ем-домға бой бермей, иммундық реакциядан қалай құтылып кететінін анықтады. Mycobacterium tuberculosis В рубредоксинін (рубредоксин тобына жататын ақуыз. Ол организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайына бейімдеуде маңызды рөл ойнайды) пайдалану арқылы темір тапшылығы кезінде де тіршілігін жалғастыра алады.

Қосымша мәлімет: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке қарағанда, жыл сайын әлем бойынша 10 млн адам туберкулез дертіне шалдығып, одан жылына шамамен 1,5 млн адам бақилық болып атады. Бұл ауруды тудыратын Mycobacterium tuberculosis бактериясы, тіпті, макрофагта да (организмге тап болған зиянды бактерияларды жоятын иммундық жүйенің жасушалары) аман қалады.

0 пікір
Мұрағат