Бактерияның «өздігінен оталатын зымыраны» бар болып шықты
Бактерияның «өздігінен оталатын зымыраны» бар болып шықты
4 жыл бұрын 2574 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам мен өзге де тіршілік иелерінің ішінде қып-қызыл соғыс жүріп жатыр. Бактериялар соғысы. Ресурс үшін. Кеңістік үшін. Бұл процесте көзге көрінбейтін микроорганизмдер жауына дейміз бе әлде қарсыласына ма, «өздігінен оталатын зымыран» ретінде қолданатын тайлоцин секілді қауіпті қару қалыптастырған. Ғалымдардың айтуынша, бактериялардың бұл өзгешелігін жолын тауып, адамзаттың мүддесіне пайдалануға болады. Бұл жайында islam.kz порталы popmech.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бактерия – әлеуметтік жаратылыс. Өз қауымымен бірге болатын олар өзінің қорегіне ортақтасқысы келетін немесе кеңістігінен ығыстырғысы келетін өзі секілді жаратылысқа қарсы аяусыз күрес ашады. Бұл тарапта олар тайлоцин деп аталатын аса қуатты қаруын пайдаланудан тартынбайды. Таяуда ғана ғылымға белгілі болған, бактериогафтың (бактерияға қарсы вирус) «құйрығы» секілді көрінетін осынау ақуыз құрылымы туралы аталмыш зерттеуге атсалысқан Вивек Муталиктің айтуынша, тайлоцин – аса қуатты ақуыз наномашинасы.  Оны түсіндіруінше, тайлоцин фаг секілді көрінгенімен фагтың қабықшасы ретінде қызмет атқаратын әрі вирус ДНҚ-сы мен репликация (көшіру) тетігі болып табылатын капсиді болмайды. Дәлірегі, ол серіппесі бар ине секілді, нысанаға алған жасушаны тесіп өтіп, мембранаға жетіп, цитоплазмада саңылау қалдырады. Саңылаудан жасуша ішіндегілер сыртқа кетіп, жасуша жойылады. Ең қызығы, тайлоцин нысанасын таңдап-талғап құртады. Бәрін қатарынан жоюдың орнына ол тек белгілі бір бактерияның түрін нысанаға алады. Кейде бұл процесте қосақ арасыгда кететіндері де болады. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тың зерттеудің мақсаты тайлоциннің нақты бір бактерияға неліктен бағытталатынын анықтауға саятын. Берклидегі Лоуренс ұлттық зертханасының ғалымдары тайлоцин ітеп шығара алатын, топырақ құрамындағы бактерияның 12 штаммының генін зерделеп көрген екен. Белгілі болғандай, бар айырмашылық негізінен құрылымында жатыр – амилипополисахарид (мембрананың сыртқы жағында болатын май мен қант молекулалары). Тайлоциннің әдетте өзгелеріне қарағанда осы молекулалар конфигурациясымен байланысу мүмкіндігі жоғары болып шыққан. Бұл жаңалық өз кезегінде дәрі-дәрмекке төзімділігі төмен белгілі бір штамдарына бағдарланған бактерияға қарсы дәрі жасауға көмектесуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат