Түрік ғалымдары маңызды жаңалық ашуға қол жеткізді
Түрік ғалымдары маңызды жаңалық ашуға қол жеткізді
3 жыл бұрын 2759 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

«19 мамыр» Самсун университетінің өнер және ғылым факултетінің молекулярлы биология және генетика кафедрасының меңгерушісі, профессор, доктор Незат Шаһин Түркия, Түркіменстан, Кипр, Ресей, Нигерия және Үндістан аумағынан 60 жаңа бактерия түрлерін тапқандарын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы Haber7 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Табаны күректей екі жылға созылған бұл тараптағы зерттеу нәтиесінде бактерияларды жікке бөліп, атау беріледі. Бұл жаңалықтың маңыздылығы неде? Түрік профессорының айтуынша, бұл жаңа дәрі-дәрмек пен антибиотиктер жасауға көмектеседі. Осылайша генетикалық ресурс толығып, микроорганизмдердің дені актинобактерия тобына жататынын алға тартып отыр. Яғни, антибиотиктердің қайнар көзі. Түрік ғалымдары бактерияларды судан, өсімдіктен, олардың тамырынан, тінінен, топырақтан, яғни, табиғи тіршілік ету ортасынан ажыратып, халықаралық стандарттарды қолдана отырып, оқшауланған микроорганизмдерді индетификациялаған. Түрік ғалымдарының бұл бағыттағы зерттеуі мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр.

0 пікір
Мұрағат