Альцгеймер, Паркинсон ауруларын тоқтатын тәсіл табылды
Альцгеймер, Паркинсон ауруларын тоқтатын тәсіл табылды
3 жыл бұрын 2907 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Орал федералды университетінің ғалымдары Альцгеймер, Паркинсон секілді ми ауруларында нейрондардың дегенерациясын, яғни, нейрондардың бұылуын тоқтатын химиялық қосындыны синтездеді. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзі мен аталмыш зерттеу материалы жарияланған European Journal of Medicinal Chemistry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар адамның жасы ұлғайған сайын миынды жинала беретін амилоидті құрылымның көбеюіне қарсы іштей күресу тетігін іске қосатын индолил- және пирролилазин депр аталатын жаңа молекулалар алуға қол жеткізген. «Біздің қосынды жылу шоктарының ерекше ақуыздарының синтезін белсендіріп, олардың жасушада жиналуына ықпал етеді. Мұндай ақуыздар нейронды тінді улы амилоидтен әрі жасушаны түрлі стрестерден, соның ішінде нейродегенеративті ауруларға тән протеоток стрессінен қорғайды»,- деп түсіндірді аталмыш жоғарғы оқу орнының органикалық және биомолекулярлы химия кафедрасының профессоры Ирина Утепова.

0 пікір
Мұрағат