Әлемге әйгілі түрме ақыры жабылатын болды
Әлемге әйгілі түрме ақыры жабылатын болды
3 жыл бұрын 1546 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі Куба аралындағы Гуантанамо шығанағында орын тепкен түрме мен әскери-теңіз базасын жабатын болып шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псакидің мәлімдемесіне жөн сілтеген Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің ресми  өкілі түрменің жабылуына қатысты кестенің жасалмағанын, өйткені, бұл процестің түрлі кезеңі болатынын жеткізді. Шілде айының 19-ы күні АҚШ билігі елдің ұлттық мүддесіне енді қауіп төндірмейтін 56 жастағы Гуантанамо тұтқыны Әбділатиф Насырды Мароккаға репатрициялау туралы шешім шығарған еді. Джен Псаки түрме қабырғасындағы 39 шетелдік тұтқынның 10-ы репатрициялануына құқығы барын айта келе тағы 17-нің ісі қайта қаралуына мүмкіндік барын, ал 10 тұтқынды әскери комиссия тергеп жатқанын, екеуіне айып тағылғанын тілге тиек етті. Осы орайда АҚШ қорғаныс министрлігі Гуантанамо түрмесін қаржыландырудан бас тартқанын айта кетпекпіз. Бұл түрмені жабуға алғашқы талпыныс АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама тұсында жасалған болатын. 2009 жылдың қаңтар айында тиісті жарлыққа да қолын қойған болатын. Алайда, Барак Обаманың бұл шешімі республикашыл конгресмендер тарапынан қарсылыққа ұшырап, аяқсық қалды. 2018 жылы АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп түрмені сақтап қалу туралы бұйрық шығарған болатын. 

Уикипедия электронды энциклопедиядан:

Гуантанамодағы концентрациялық лагер (ағылш. GuantanamoBaydetentioncamp) — АҚШ билігі тарапынан түрлі қылмыстар, терроризм бойынша айыпталған тұлғалардың бостандығын шектейтін, АҚШ тарапынан Кубадан мерзімсіз уақытқа жалға алған лагерь. Гуантанамо қаласынан 30 км. қашықтықта орналасқан. 

Концлагерь 2002 жылдың қаңтар айында ашылды, ол жерге алғаш рет Ауғанстаннан 20 тұтқын жеткізілді. Олар Ауғанстанда исламшыл экстремисттер "тәлібтер" жағында соғысты деп айыпталған азаматтар еді.  2002-2006 жылдар арасында Ауғанстан мен Иракта қолға түскен 750-ге жуық шетелдік тұтқын осы түрмеге түсіп шыққан. Олардың барлығы АҚШ әскерилерінің айтуынша «Аль-Каиды» ұйымының және Талибан ұйымының содырлары. Олардың іішінде 250 адам мерзімінен бұрын босатылды (еліне қайтарылғандардың іішінде 8 Ресей азаматы бар). 2006 жылдың сәуір айына дейін басқаларының есімі құпия сақталып жарияланбады. Сәуір айында Пентагон 558 бұрынғы және сол кездегі тұтқындардың тізімін жариялады. 2006 жылы түрмеде 490 кісінің бас бостандығы шектелген, олардың тек он шақтысына ресми айып тағылған. Көбісі Саудовской Аравии (132 кісі), Афганистана (125 кісі) и Йемена (107 кісі) азаматтары.

0 пікір
Мұрағат