Тозған жасушаларды жоюға мүмкіндік беретін тетік табылды
Тозған жасушаларды жоюға мүмкіндік беретін тетік табылды
3 жыл бұрын 1947 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары қартаюға бастайтын әрі созылмалы аурулардың дамуына ықпал ететін тозған жасушаларды иммундық жасушалардың организмнен қалай тазалайтынын айтып берді. Бұл жайында islam.kz порталы MedicalXpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иммундық жасушалар (табиғи Т-киллер (iNKT) ретінде белгілі) қадағалаушы жүйе секілді жұмыс істейді: организм жатсынған, соның ішінде тозған жасушаларды жояды. Алайда, кейбір факторлардың ықпалымен (мәселен, кәрілік пен семіздік) iNKT белсенділігі төмендейді. Ғалымдар осынау «табиғи қадағалау жүйесін» ынталандыру үшін бүгінде тозған жасушаларды жоюдың негізгі әдісі ретінде алға шығатын сенолитикалық терапияны қолдануға ұсынып отыр. iNKT – иммундық жасушалардың екі артықшылығы бар: біріншіден, олар өзге жасушаларды кездеспейтін бірдей рецепторға ие, сол себепті, иммундық өзге жасушаларды іске қоспай-ақ оларды бөліп алуға болады. Екіншіден, бұл жасушалар организмге зиянын тигізбеу үшін «ұйқы режиміне» көшеді. Америкалық ғалымдар анықтағандай, iNKT-ті белсендіру үшін липидті антигенді пайдалану керек. Тәжірибедегі артық салмақтан зардап шегетін тышқанның қан құрамындағы глюкоза деңгейін қалыпқа келтірді, ал өкпе фиброзынан зардап шегетін кеміргіш жасушаларының зақымдалуын азайтты, осылайша оның ұзағырақ өмір сүруіне жағдай жасады.

Ұқсас материалдар:

«Қартайған жасушаларды қауіпсіз жолмен жоюдың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qartaigan-jasushalardy-qauipsiz-jolmen-joyudyn-tasili-tabyldy-14711/#gsc.tab=0);

«Жасушалар өз-өзін «емдеп» қалпына келе алатын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushalar-oz-ozin-emdep-qalpyna-kele-alatyn-bolyp-shyqty-14337/#gsc.tab=0);

«Модификацияланған лимфоциттер қартайған жасушаларды жояды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/modifikatsiyalangan-limfotsitter-qartaigan-jasushalardy-joyady-13829/#gsc.tab=0);

«Адам өлгеннен кейін белсенді әрекетке көшетін зомби жасушалар табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-olgennen-keiin-belsendi-areketke-koshetin-zombi-jasushalar-tabyldy-15012/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар жасуша қозғалысын басқаруды меңгерді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-jasusha-qozgalysyn-basqarudy-mengerdi-15079/#gsc.tab=0);

«Жасуша жойылса да органелла тіршілігін жалғастыра береді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasusha-joiylsa-da-organella-tirshiligin-jalgastyra-beredi-14867/#gsc.tab=0);

"Ғылым әлеміндегі ең азалы көрініс: жасушаның өлуі" https://islam.kz/kk/news/gylym/gylym-alemindegi-en-azaly-korinis-jasushanyn-olui-video-12496/#gsc.tab=0);

"Қатерлі ісікпен күресетін иммунитет жасушасының күш-қуатын қалпына келтіретін әдіс табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikpen-kuresetin-immunitet-jasushasynyn-kush-quatyn-qalpyna-keltiretin-adis-tabyldy-14731/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат