Қазақстан азық-түлік тәуелсіздігінен айырылудың алдында тұр
Қазақстан азық-түлік тәуелсіздігінен айырылудың алдында тұр
3 жыл бұрын 2256

Еліміздің азық-түлік импортына тәуелділігі артып келеді, бұл жайт - өзге елдерге саяси және экономикалық тәуелділікке бастайтын қадам. Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі стратегиялық сала. Бұл жайында inbusiness.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

Сенатор Ақылбек Күрішбаев тұқым шаруашылығы мен селекциялық ғылым саласында шешілмеген мәселе көп екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол үкімет басшысының орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында айтты. 

«Тұқым сапасы төмендеп барады, ал өнімділік азайып жатыр», – деді  Ақылбек Күрішбаев. 

Сенатордың сөзінше, өнім сорттары мен будандарының 70%-ға жуығы  шетелден жеткізіледі. Тұқымның басым бөлігі біздің топырақ пен климаттық жағдайға бейімделмеген. Мемлекеттік субсидия шетелдік тұқымды арзандатуға жұмсалып жатыр.

«Отандық аграршы ғалымдарға биыл әлі күнге дейін қаржы бөлінген жоқ.  Мәселені жоғары өнімді және күйзеліске төзімді сорттар мен дақылдардың буданын әзірлеу арқылы шешу қажет. Бұл үдеріске отандық аграрлық ҒЗИ мен жоғары оқу орындарын, биотехнология орталықтарды және жетекші шетелдік ғалымдарды жұмылдыру керек», – деді депутат.

Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, мәселені селекция мен тұқым шаруашылығындағы авторлық құқықты қорғау, селекциялық жетістіктерді тіркеу, стандарттар мен ғылыми-әдістемелік базаны жаңарту жөніндегі заңнамалық әрі нормативтік базаны күшейту арқылы шешуге болады. 

«Селекция және тұқым шаруашылығы субъектілерінің материалдық-техникалық, зертханалық базасын нығайтуға көмек көрсету, елде ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық ресурстарының ұлттық банкін ұйымдастыру маңызды», – деді Ақылбек Күрішбаев. 

0 пікір
Мұрағат