Тәннің қартаюын тежейтін тәсіл табылды
Тәннің қартаюын тежейтін тәсіл табылды
3 жыл бұрын 8866 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Стэнфорд университетінің (АҚШ) ғалымдары анықтағандай, кәрі тышқанның бойынан табылған өзіндік ерекшелігі бар ақуыздың белсенділігін басып тастаса, бұлшық еттің солуын тоқтатып, дененің салмағын қалпына келтіреді. Керісінше – аталмыш ақуызды белсендірсе, бұлшық ет солып, атрофия процесіне (адам мен жануар ағзаларының және тіндерінің кішіреюі) ықпал етеді. Кәріліктен болатын дәрменсіздікпен тиімді күресуге мүмкіндік беретін тың тәсіл турады материал Science мерзімді басылымында жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кәрі жануардың бойындағы 15-PGDH ақуызы бұлшық етте көп кездеседі әрі өзге тіндерге экспрессияланады (яғни, таралады деп түсініңіз). Мамандардың түсіндіруінше, дәл осы қосынды қарт адамдардың бұлшық ет массасының жоғалуына ықпал етеді – бұл процесс саркопия деп аталады. Нәтижесінде организмді энергиямен қамтамасыз ететін тіндегі митохондрия (мембраналы органоид) саны азаяды. Белгілі болғандай, E2 простагландин деп аталатын молекула бұлшық еттің діңгекті жасушаларын белсендіріп, зақымдалған бұлшық ет талшықтарының қалпына келуіне ықпал етеді. E2 молекуласының деңгейі 15-PGDH ақуызымен реттеледі, дәлірегі, ол простагландинді ыдыратады. Жас адамдарға қарағанда қарттарда 15-PGDH деңгейі жоғары, ал E2 молекуласының деңгейі төмен. Бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізген ғалымдар тышқандарға 15-PGDH белсенділігін бұғаттайтын молекулалардың аз бөлігін бір ай бойы енгізіп көрген екен. Бұл арада простогландин деңгейі жас кеміргіштерге тән деңгейге дейін қалпына келтіріледі. Нәтижесінде бұлшық ет талшықтары берік тартқан.

0 пікір
Мұрағат