Семіздікті қауіпсіз жолмен емдеудің тәсілі табылды
Семіздікті қауіпсіз жолмен емдеудің тәсілі табылды
3 жыл бұрын 19237 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ашыққан кезде энергияны сақтауға көмектесетін рецепторды бұғаттау өз кезегінде семіздікті тиімді әрі қауіпсіз жолмен емдеуге және алдын алуға жәрдемдесетін тәсіл. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Артық салмақтың қосылуы мен зат алмасу процесінің бұзылуы энергияны шығындаудан гөрі оны тұтыну деңгейінің жоғары болуынан орын алады. Бұл тұрақты сипат алғанда ғана зат алмасу процесі бұзылып, артық салмақ жиналады. Яғни, ішкен-жеген тағамнан организмге таралатын энергияның көп бөлігі шықпай жатып, үсті-үстіне тамақтанудан адам артық салмақ жинайды. Осы заманғы семіздік індетін емдеу әдісі адамның тамақтану мәдениетін қалыптастырудан басталады. Хирургиялық жолмен арықтау, яғни, пышақпен артық майды сылып тастау тиімсіздігін көрсетіп отыр. Адам тәбетінің бір қалыпты болуын бақылауда ұстау өз кезегінде артық салмақтан пайда болатын жүрек-қан тамыр аурулары, т.б. дерттерден бөлек адамның психологиялық жай-күйіне де оңды әсерін тигізеді. Австралиядағы Гарвана медициналық зерттеу институты ғалымдары семіздікпен күресудің тиімді әрі тың жолын тапты - Y1 рецепторы қауіпсіз тәсілдің кепілі ретінде алға шығады. Тамақтану мен метаболизмнің қуатты реттегіштерінің бірі - ашығу кезінде пайда болатын нейропептид Y (NPY). Ол организмге энергияны үнемдеуіне, майдың жиналуына мүмкіндік беріп, организмнің аман қалуына көмектеседі. Молекула орталық жүйке жүйесінде экспрессияланады әрі Y1, Y2, Y4, Y5 және Y6 рецепторлары арқылы берілетін сигналдар арқылы әрекет етеді. Бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізген ғалымдар мынаған көз жеткізді: Y нейропептиді - Y1 молекуласы үшін белгілі бір рецепторды бұғаттау  өз кезегінде майдың метаболизмін жылдамдатып, салмақтың өсуіне жол бермейді. Содан соң ғалымдар артық салмақтан зардап шегетін тышқанның ҮІ рецепторын BIBO3304 – периферилік әрекеті бар ҮІ селективті антогонист (ол  гематоэнцефалдық тосқауылдан (мидың қорғаныш қабаты) өте алмайды, сол себепті, ҮІ сигналын адам миында емес, периферилік тінде бере алады) арқылы бұғаттап көрді. Белгілі болғандай, BIBO3304 енгізілген кеміргішке құрамында майы көп азық беріледі, ол жеті апта ішінде шамамен 40%-ға кем салмақ жинайды осындай рационмен қоректенген өзге тышқанға қарағанда. Салмақтың мұншалықты аз жиналуына дененің жылу бөлуді арттыруы әрі май массасының азаюы себеп болған еді. Қосымша сынақтар нәтиесі көрсеткендей, ҮІ рецепторын май жасушаларынан талғап-таңдап алып тастаса, артық салмақтың жиналуынан қорғайды. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Ян-Чуан Ши Y1 рецепторының организмде жылу генерациясын тежейтінін жеткізді. Бүгінде семіздікті емдеуде қолданылып жүрген дәрілердің көбісі ми мен тәбетті басуға бағытталғандықтан денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Сол себепті, мұндай дәрілерді қолдануға белгілі бір шектеу қойылады.

Ұқсас материалдар:

«Семіздікті «ауыздықтаудың» тиімді әрі қауіпсіз тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-auyzdyqtaudyn-tiimdi-ari-qauipsiz-tasili-tabyldy-14943/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі әрбір 10-шы адам семіздіктен зардап шегеді» ( https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-arbir-10-shy-adam-semizdikten-zardap-shegedi-14837/#gsc.tab=0); 

«Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды» ( https://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0); 

"Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді" (http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-semizdik-genin-bugattaudy-uirendi-12511/#gsc.tab=0); 

«Адамның аз уақыт ішінде артық салмақ жинауының бес себебі айталды» ( https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-az-uaqyt-ishinde-artyq-salmaq-jinauynyn-bes-sebebi-aitaldy-14827/#gsc.tab=0); 

«Адамдардың салмақ тастау барысында жіберетін қателіктері» ( https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/adamdardyn-salmaq-tastau-barysynda-jiberetin-qatelikteri-6357/#gsc.tab=0 

0 пікір
Мұрағат