Священниктерге араб тілі оқытылады
Священниктерге араб тілі оқытылады
3 жыл бұрын 1996 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

2021 жылдың мамыр айының 12-сі күні патриарх Кирилл Казан қаласындағы діни семинарияда «исламтану» магистрлік бейінін ашу туралы жол картасын бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Религия сегодня» ақпарат көзіне жөн сілтеген islamnews.ru сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Ресей тарихында тұңғыш рет православ оқу ордасының қабырғасында болашақ священниктер исламтану бағытында білім алатын болды. Аталмыш бастаманы тәжді тажал жұқпалы індетінен көз жұмған Татарстанның бұрынғы митрополиті Феофан Ашурков көтерген еді. Ставропол митрополиінде жүрген кезінде. Ол қайтыс болғаннан кейін бұл жобаны оның орнын басқан Татарстандағы проавослав жамағатының жетекшісі, митрополит Кирилл Наконечный қолға алған болатын. Аталмыш жоба бойынша қасиетті Құранды дұрыс түсіну үшін діни семинарияда араб тілі оқытылады.

0 пікір
Мұрағат