Әлемдегі әрбір 10-шы адам семіздіктен зардап шегеді
Әлемдегі әрбір 10-шы адам семіздіктен зардап шегеді
3 жыл бұрын 2574 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамзаттың шамамен 12%-ы, яғни, әлемдегі әрбір оныншы адам семіздіктен зардап шегеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Lancet ғылыми мерзімді басылымы мен осынау ауқымды зерттеу турасында хабар таратқан BBB NEWS ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемге әйгілі Гарвард университеті мен Британдық империялық колледж ғалымдары 1980-2008 жылдар аралығындағы дене массасының индексі, сондай-ақ, холестерин мен қан қысымы туралы мәліметтерді жан-жақты зерделеген екен. Нәтижесінде 2008 жылы семіздіктен адамзат санына шаққанда ерлердің 9,8%-ы, әйелдердің 13,8%-ы зардап шеккен. Олардың дене салмағының индексі (шаршы метр бойынша бой ұзындығының салмағына қатынасы) 30 келі шаршы метрді құраған. Ал дене салмағы индексінің қалыпты көрсеткіші - 18,5 келі шаршы метрден 24,99 келі шаршы метрге дейін болады. 1980-ші жылғы көрсеткіштер төмен болғанына айта кету керек: ерлер арасында - 4,8%, әйелдер - 7,9%. Семіздік індетінен, әсіресе, дамыған елдер көресіні көріп отыр. Соның ішінде, америалықтар бұл тізімді көш бастаса, одан кейінгі орыннан австралиялықтар мен жаңа зеландиялықтар көрінген, немістермен ағылшындар да олардан қалысар емес. Егем америалық және британиялық ғалымдардың зерттеу нәтижесіне сенсек, әлемдегі ең толық адамдар Тынық мұхиты аралдарында тұрады: олардың дене салмағы индексінің орташа көрсеткіші 34-35 келіден айналады шаршы метрге шаққанда. Яғни, оңтүстік-шығыс Азияның және Африка құрлығындағы Сахара шөлінен оңтүстікке қарай орын тепкен кейбір елдердегі көрсеткіштен шамамен 70%-ға көп. Ғалымдардың келтірген мәліметіне қарағанда, Еуропа бойынша ең семіз әйелдер Ресейді тұрады – дене салмағы индесінің орташа көрсеткіші бойынша 27,2 келіден айналған шаршы метріне және Молдавияды (27,1 к/ш.м.). Ал кәрі құрлықтағы ең «арық» әйелдер бойынша италиялықтар алға шыққан – дене салмағы индексінің орташа көрсеткіші 25,2 к/ш.м.-ден 24,8 к/ш.м.

0 пікір
Мұрағат