Елімізде шариғи қаржылық, цифрлық сервис пайда болады
Елімізде шариғи қаржылық, цифрлық сервис пайда болады
3 жыл бұрын 2562 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Бүгінде адамдардың дербес қалауына қарай қажетін өтейтін қаржылық өнімдер көбейген, соған сәйкес әр адам өзінің қалауына сай, талғамы мен талабына сай түрлерін таңдай алады. Мұндай сервистердің арасында олардың жеке өмірінің көптеген аспектілерін, соның ішінде, наным-сенімін қамтитын түрлері де пайда болуда Елімізде осы айдың соңына дейін Tayyab деп аталатын, шариғат талаптарына сай цифрлы қаржылық сервис іске қосылады. Бұл жайында islam.kz порталы іскерлік ортаға танымал kapital.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Tayyab» сөзі араб тілінен аударғанда «таза, мөлдір» мағынасын береді. Аталмыш сервис авторлары - Данияр Оспанов пен Иван Каменский өздерінің бұл жобасының күнделікті қаржылық мәселелерін шариғи тұрғыдан шешуге мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. Tayyab жобасы өзіміз күнделікті қолданып жүрген Каспий банктің картасы секілді – картаға тапсырыс беруден бастап, ақша аударуға дейінгі қаржылық қызметтерді online режимінде жүзеге асыра аласыз. Яғни, дем арасында ақша аударып, тауардың төлемін жүзеге асыра аласыз комиссиялық ақысыз. Бұдан бөлек, клиенттер намаз уақыты, құбыла бағыты, шариғи тағамдар дайындалатын асханалар мен жуыр маңдағы мешіттер туралы ақпаратты да ала аласыз. Яғни, міндетті түрде картамен емес, телефоныңызға қосымшаны жүктеп алсаңыз, жетіп жатыр.

Сервисте мынадай шариғи талаптар ескерілген:

- Tayyab картасындағы ақшаның қалдығын сервис пайыздық табыс үшін ұстамайды;

- картадағы ақша қалдығына пайыз есептелмейді;

- карта құмар ойынханаға, лотереялық бизнеске арналмаған;

- карта ішімдік пен темекі өнімдері арнайы сатылатын сауда орындарына арналмаған, алайда, азық-түлік сататын әмбебап дүкендерге қатысты шектеу қойылмаған;

- карта барлар мен түнгі клубтардағы көрсетілетін қызметтер мен тауарлар төлемін жүзеге асыруға арналмаған, алайда, мейрамханалар мен кафелерге қатысты бұл шектеу жоқ;

Аталмыш жобаның болашағы зор – Дубайдағы стартаптар акселераторлардың көшбасшыларының бірінен саналады; бүгінде күллі әлем бойынша мұсылмандар қарасы 2,5 млрд десек, Tayyab олардың күнделікті өмірінің ажырағысыз бір бөлігіне айналу мүмкіндігі жоғары. Tayyab сервисінің халықаралық серіктесі - Dubai Fintech Ventures венчурлық қоры; бұл қордың серіктесі – HSBC аса ірі банктердің бірінен саналатын Visa төлем жүйесі, Дубайдағы қаржы орталығы, Біріккен Араб Әмірлігіндегі ірі банктердің бірі Mashreq bank. Ал елімізде бұл сервистің серіктесі – елдегі аса ірі ондаған банктің құрамынан табылатын Bank RBK. Бұдан бөлек, шариғат талаптарының сақталуын қадағалайтын серіктес - Саудиядағы Shariah Review Bureau шариғат кеңесі.

Как создать цифровой исламский финансовый сервис в Казахстане 745555 - Kapital.kz

0 пікір
Мұрағат