Қасқырлардың да балық аулайтыны алғаш рет белгілі болды (видео)
Қасқырлардың да балық аулайтыны алғаш рет белгілі болды (видео)
3 жыл бұрын 1973 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Миннесота университетінің ғалымдарының Voyageurs Wolf деп аталатын деректі жобасы түз тағысының тіршілігін зерделеуге арналған. Бұл жайында islam.kz порталы  Gizmodo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл мақсатта ғалымдар жалғыз-жарым жүрген қасқырды ұстап алып, дәрімен ұйықтатып, мойнына Vectronic-Aerospace камерасы бекітілген  қарғыбау тағады. Қарғыбаудағы камера күн жарықта ұзын-ырғасы жеті минутты құрайтын 30 секундтық сериялы көріністі таспаға тартып алған екен. Қарғыбау тағылған қасқырдың суыр бөгеті маңында балық аулағаны да таспаға тартылып қалған екен. Ірі жыртқыштар арасында аюдың балық аулайтыны бұрыннан белгілі, ал қасқырдың да мұндай жолмен жемтігін табатыны енді белгілі болып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Қасқырдың экожүйедегі маңызы» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/qasqyrdyn-ekojuiedegi-manyzy-14438/#gsc.tab=0);

«Қасқырлар неге Айға қарап ұлиды?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/qasqyrlar-nege-aiga-qarap-ulidy-14883/#gsc.tab=0);

«Оңтүстік Америка қасқыры» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/ontustik-amerika-qasqyry-fotovideo-14902/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат