Жасушадан өсірілген сүт безінен табиғи сүт алынды
Жасушадан өсірілген сүт безінен табиғи сүт алынды
5 ай бұрын 472 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

BIOMILQ америкалық ғалымдар тарихта тұңғыш рет зертханада өсірілген сүт безінің жасушасынан табиғи сүт алынғанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы biomilq.medium.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кәдімгі сүттің ұқсасында, яғни, аналогында түпнұсқасындағыдай барлық пайдалы ақуыздар мен макроэлементтер қамтылған. Ең бастысы, қоршаған ортағы зиянды улы заттар мен аллергендік заттар жоқ, бұдан бөлек, табиғи сүт құрамында кездесетін түрлі дәрі-дәрмектің ізі де жоқ. «Тіпті, қоректік және биоактивті антидене біздің өніміміздің құрамынан алып тастаған күннің өзінде сүт қоспасына қарағанда табиғи сүтке жақын. Біздің өнім иммундық жүйе мен микробиомды күшейтеді»,- деп тарқатып түсіндірді аталмыш компания құрылтайшыларының бірі Ләйла Стрикленд. Десе де зертханада алынған сүт табиғи сүтті алмастырмауы тиіс деп есептейді маман. Бұл өнім кәдімгі сүт қоспасының баламалы нұсқасы бола алады әрі пластиктік қалдықтың азаюына көмектесіп, оны өндіруде атмосфераға бөлінетін көміртек мқлшерін азайтуға септігін тигізеді.

0 пікір
Мұрағат