|
Қолмен шағуға болатын жаңғақ тұқымы алынды
|
Ресейлік Академик Королев атындағы Самар университетінің селекционерлері грек жаңғағының қандай да бір құралдың көмегіне жүгінбей-ақ, қолмен шағуға болатын жаңа сортын шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңғақтың бұл түрі қолмен шағылатынына қарамастан шаршұнақ аяз бен құрғақшылыққа төзімді болып келеді. Ғалымдар бұл тарапта айқастырып тозаңдандырудың, яғни, селекцияның ең қарапайым тәсілін пайдалану арқылы осындай жетістікке қол жеткізе алған. Грек жаңғағының жаңа түрі «Самарлық» және «Еділдік» («Волжанин») деп аталады. Екеуі де ауа райының күрт құбылмалығына жақсы бейімделген әрі ылғал тапшылығына төзімді келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды